Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Проблемалық жағдаят туындату



Pdf көрінісі
бет28/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Проблемалық жағдаят туындату
. Оқуды ұйымдастыру әдістемесінде проблемалық 
оқыту үлкен мәнге ие. Оның келесі маңызды элементтерін атап көрсетуге болады:
 

танымдық мәселені анықтауда проблемалық жағдаят туындату; 

оқушылардың танымдық мәселенің шешімін іздеуге және жаңа білімді игеруге 
бағытталған дербес ойлау қызметін ұйымдастыру; 


22 

мәселені шешу және шығармашылық жаттығулар орындау барысында жаңа 
білімдерді игеру мақсатында оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту жолдарын 
түсінуі және игеруі. 
Оқу материалыың мазмұнына байланысты жаратылыстану және химия сабақтарында 
проблемалық жағдаят жасаудың түрлі тәсілдерін бөліп көрсетуге болады: 

ұқсастық тәсілі; 

индуктивті, аналитикалық-синтетикалық тәсіл; 

жүргізілген тәжірибелер, берілген материалды талдау негізінде зерттелетін 
құбылысқа әсерін тигізетін себептерді іздеу; 

проблемалы сұрақты ұсыну; 

қарама-қайшылыққа әкелетін деректер келтіру, гипотезалар, болжамдар ұсыну; 

қарама-қайшы көзқарастарды келтіру. 
Сабақта проблемалы жағдаяттарды пайдалану оқушыларға саналы түрде қиындық 
туындатуға мүмкіндік береді. Қиындықты жеңу шығармашылық ізденісті талап етеді
оқушыны ойлауға, шешу амалын іздеуге, талқылауға, дұрыс табылған шешімге қуануға 
итермелейді; бұл оқушының пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығын дамытуға 
ықпал етеді.
Жоба әдісі. 
Химия сабағындағы жобалық жұмыс мұғалім мен оқушының 
ынтымақтастығына, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған, үздіксіз білім беру 
үдерісіндегі бағалаудың бір түрі болып, оқушылардың кәсіби маңызды машықтарын ерте 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба әдісі тұлғаны, оның дербестігін, шығармашылығын 
дамытуға бағытталған және оқу үдерісінде жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін 
үйлесімді қолдануға мүмкіндік береді. Жобалар әдісі қандай да бір теориялық немесе 
тәжірибелік маңызы бар мәселелерді шешудегі оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің 
нәтижеге бағытталуын негізге алады. 
Сыртқы нәтижені 
көруге, пайымдауға, нақты практикалық қызметте қолдануға болады. 
Ішкі нәтиже 
– іс-әрекет, ізденіс барысындағы тәжірибе – білім мен дағды, құзырет пен 
құндылықтарды біріктіре отырып, оқушының құнды қазынасына айналады. 
Мұғалім жоба жұмыстары үшін нақты өмірмен байланысты мазмұнды да өзекті 
тақырыптарды анықтайды. Жоба әдісін сабақта іске асыру педагогтың рөлі мен 
функциясының өзгеруіне себеп болады. Мұндай тәсіл кезінде мұғалім кеңесші, әріптес, өз 
оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Жобамен жұмыс істеу 
барысында оқушыларда жаңа білім мен дағдыларды үйренуге деген қажеттілік пайда болады. 
Жобалық жұмыстар химия пәнінің жеке тақырып немесе бөлім бойынша білімдерін бекітіп, 
оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет