зертханалық тәжірибелер жеке (барлық оқушылар тәжірибелерді
жеке орындайды), топтық (бір үстелде отырған оқушылар бір жұмысты орындайды және
олардың әрқайсысының атқаратын қызметтері бөлістірілген), ұжымдық (әр түрлі үстелде
отырған оқушылар тобы әртүрлі тәжірбие жасайды, соңында өз нәтижелері туралы баяндайды
да, ұжымдық қорытынды жасайды) болуы мүмкін. Зертханалық жұмыс әдеттегі сабақтың бір
бөлігі болғандықтан, ол алдын ала мұқият ойластырылып, техникалық әзірліктер жасалуы
керек. Зертханалық жұмыс проблемалық жағдаят туындату үшін теориялық материалды
түсіндіру алдында жасалуы мүмкін.