Практикалық сабақтар практикалық машықтарды қалыптастырудың қатаң жүйесін
жасайды. Мұндай сабақтарда бастапқыда оқушылар қыздыру аспаптарымен, зертханалық
техникалық құралдармен жұмыс істеу машықтарын меңгереді, қауіпсіздік ережелерімен
танысады. Одан кейін оқушылар қарапайым және күрелі заттардың қасиеттерін зерттеумен,
оларды зертханалық жағдайда алумен айланысады. Әрбір жаңа практикалық сабақ дербестікті,
машықтар мен дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Практикалық сабақтардың екі түрі
қолданылады: нұсқаулық бойынша өткізілетін сабақтар және эксперименттік есептер.
Оқушыларға арналған нұсқаулықта тәжірибелерді орындаудың әр кезеңі жазбаша түрде толық
мазмұндалады, ал эксперименттік есептерде есептің шарты ғана беріледі. Оқушылар мәселені
шешу жоспарын өз бетінше әзірлеп, жүзеге асыруы тиіс. Эксперименттік есептерді шығаруға
арналған практикалық жұмыс бақылау жұмысының бір түрі болып табылады. Эксперименттік
есептерді оқушылардың дербестігі мен белсенділігіне қол жеткізу үшін жеке нұсқалар
бойынша әзірлеген дұрыс.