Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет27/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ойша эксперимент
 
– бұл оқушылардың ойлау қабілеті арқылы тәжірибенің жекелеген 
сатыларын ойша жүзеге асыруды көздейтін оқу әдісі. Оны әртүрлі мазмұны сапалық есептерді 
шешу кезінде кеңінен қолданады. 
Модельдеу.
Әдіс бойынша қандай да бір құбылысты зерттеу үшін оның оқушылар 
қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін зерттеу 
кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның моделі 
ретінде қызмет етеді. Модельдеу шынайы құбылыстардың баламалы көрінісін құру, жасалған 
модельді логикалық талдау және қарама-қайшы фактілер туындаған кезде модельді қайта 
жасау үшін қажет. Объектіні зерттеудің бұл әдісі объектінің жекелеген жақтарын немесе 
қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Уақыт немесе кеңістік масштабтарының үлкен 
айырмашылығына байланысты бақылануы мүмкін емес үдерістерді зерттеу кезінде модельдеу 
әдісі ерекше маңызды болып табылады. Бұл жағдайда модель үдеріс немесе құбылыс туралы 
бірден бір ақпарат тасымалдаушы болады. Модельдерді жасау кезінде адам негізгі ақпаратты 
көзбен көру арқылы алатынын ескеру керек, сондықтан бірінші кезекте «көзге көрінетін» 
модельдер ұсынылуы тиіс. Модель сезілетін, яғни материалды болғаны дұрыс; бұл зерттелетін 
үдеріс/құбылыс туралы қосымша ақпарат алу мүмкіндігін береді.
Экскурсия 
оқуды ұйымдастыру түрі ретінде мектептегі оқу үдерісін шынайы өмірмен 
байланыстырады және оқушылардың тікелей бақылауы арқылы табиғи ортадағы заттар және 
құбылыстармен танысуын қамтамасыз етеді. Сабақтар жүйесінде экскурсия бірқатар маңызды 
дидактикалық функцияларды атқарады: 
– оқудың көрнекілік қағидатын іске асырады; 
– оқудың ғылымилығын арттырады және өмірмен байланысын күшейтеді; 
– оқушылардың технологиялық ой-өрісін кеңейтеді: оларға шынайы химия өндірісін 
бақылауға және нақты өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінде химиялық білімдерін 
қолдануға мүмкіндік беріледі; 
– оқушыларды мамандыққа баулу жұмысында елеулі рөл атқарады. 
Дидактикалық мақсатына қарай экскурсиялар жаңа материалды зерттеу кезінде
 кіріспе 
экскурсия
, тақырыпты зерттеу барысына бағытталған 
сүйемелдеуші экскурсия
және
 
оқып-
білгенді бекітуге байланысты 
қорытынды экскурсия
түрінде болуы мүмкін. Мазмұны 
бойынша олар өндірістік (нақты химия өндірістері), жаратылыстану-ғылыми (мысалы, 
Политехникалық мұражай), ғылыми (химиялық бейінді зерттеу зертханалары), қолданбалы 
(түрлі зертханалар – агрохимиялық, су тазарту станциялары, санитарлық, т.б.) болып бөлінеді. 
Экскурсияның бір мезгілде бірнеше оқу пәндерін қамтуы өте жиі кездеседі, мұндай экскурсия 
кешенді экскурсия деп аталады және оқушылардың зерттелетін нысандарды әртүрлі пәндер 
тұрғысынан біртұтас танып, білуіне мүмкіндік береді. Ұйымдастырылатын экскурсиялар 
пәннің оқу бағдарламасымен байланысты. Олар оқу жылына жоспарланып, сабақтардан тыс, 
арнайы бөлінген күндері жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет