Экрандық құралдармен жұмыс .
Бейнематериалдар. Химияны оқытуда пәннің
ерекшелігіне байланысты экрандық оқу материалдарын пайдалану үлкен маңызға ие.
Экрандағы шынайы өндірістік үдерістер мен аппараттардың бейнесі, сондай-ақ анимация
арқылы химиялық өзгерістерді көрсету мүмкіндігі химия сабақтарының тақырыбын ашуға
бағалы көмегін тигізеді. Оқу мақсатына байланысты бейнематериалдарды сабақта немесе
сабақтан тыс уақытта көрсетіп, пайдалануға болады. Сондай-ақ, бейнематериалдарды
тақырып бойынша соңғы сабақта қорытындылау құралы ретінде пайдалану тиімді болуы
мүмкін (мысалы, «Көмірсулар», «Полимерлер», «Силикат өндірісі» және т.б.).
Бейнематеериалды көрсетуге дейін мұғалім оқушылардың алдына экраннан көру кезінде
жауаптары табылуы мүмкін бірқатар сұрақтарды қойғаны дұрыс. Фильмдерді толығымен
көрсетуге немесе тақырып ерекшелігіне байланысты бөліп пайдалануға болады. Мұғалімдер
бейнематериалдарды сабақтың басында проблемалық жағдаят туындату үшін де қолданады.