Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Мультимедиалық таныстырылымдар



Pdf көрінісі
бет30/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мультимедиалық таныстырылымдар
. Білімді ақпараттандырудың дамуының 
заманауи кезеңінде, химия пәні бойынша оқу материалдарын ұсынудың тиімді құралдарының 
бірі мультимедиялық таныстырылымдар болып табылады. Компьютерлік жүйелердегі 
графикалық көрнекі суреттер білім алушыға ақпаратты түсінікті беруге, оны түсінуді 
жеңілдетуге мүмкіндік береді. Химия сабақтарында мультимедиалық таныстырылымдар 


23 
пайдалануға негізделген графика қолданылған бағдарламалық өнімдер оқушылардың түйсігін, 
образды ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мультимедиалық технологиялар (ағыл. 
multi – көп, media – орта) танымал педагогикалық ақпараттық технологиялардың бірі болып 
табылады, олар дыбыспен, бейне, анимация және басқа да визуалды әсерлермен (Simulation) 
сүйемелденетін бейнелердің, мәтіндер мен деректердің толық жиынтығын жасауға мүмкіндік 
береді; интерактивті интерфейсті және басқа да басқару тетіктерін қамтиды.
Т. П. Бартенева және А. П. Ремонтовтің пікірінше (2003) бұл технология оқу материалын 
жүйелі түрде құрылымдалған ақпараттан тұратын айқын тірек образдар жүйесі ретінде беруге 
мүмкіндік жасайды. Мұнда ақпаратты қабылдаудың барлық түрлері қатысып, оқу материалын 
оқушылардың ассоциативтік түрде қабылдап, есте сақтауына әсер етеді. Оқу материалын 
оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін ұйымдастыруға лайықты бейімделген 
мультимедиалық таныстырылым түрінде беру оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік 
береді. Мультимедиалық таныстырылымдар оқытудың заманауи техникалық құралы ретінде 
химия сабақтарындағы көрнекілікті арттыруға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет