Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет23/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Химиялық эксперимент 
ұсынылған болжамдардың ақиқаттығын тексеру үшін, оқу 
проблемаларын шешу үшін пайдаланылады. Эксперимент арқылы оқушылар заттарды және 
оларда болып жатқан өзгерістерді танып біледі. Эксперименттің педагогикалық құндылығы 
мынада: оны бақылау барысында оқушы күрделі химиялық үдерістерді бақылауға 
болатындығына, ал ең басында түсініксіз болып көрінген құбылыстарда ешқандай жұмбақ 
жоқтығына көз жеткізеді. Бұл тұрғыда эксперимент оқыту әдісі ретінде дамытушы және 
тәрбиелеуші қызмет атқарады. 
Химия пәнінің оқу бағдарламасында қандай да бір түрде орындалуы тиіс химиялық 
эксперименттің барлық түрлері қарастырылған. 
Оқушылар эксперименті
бұл өздік 
жұмыстың түрі Ол оқушыларды жаңа ұғымдармен, білік, дағдылармен ғана байытып қоймай, 
олардың өз білімін тексеру тәсілі болып табылады. Оқушылар экспериментін зертханалық 
тәжірибелер және практикалық сабақтар деп бөледі. Оқушылардың экспериментін келесі 
кезеңдермен жүргізу ұсынылады: 
1) тәжірибенің мақсатын түйсіну; 
2) заттарды зерттеу
3) аспаптарды құрастыру немесе дайынын пайдалану; 
4) тәжірибені жасау;
5) нәтижелерді талдау және қорытындылау; 
6) алынған нәтижелерді түсіндіру және реакциялардын теңдеуін құру; 
7) түсіндірме есебін жазу.
Экспериментті орындауға кіріскенде оқушы тәжірбиені не үшін жасап жатқанын және 
қойылған проблеманы шешу үшін не істеуі тиіс екендігін анық түсінуі керек. Өздігінен 
жасалған жұмыс талдауынан кейін оқушы тиісті химиялық теорияларды пайдалана отырып, 
қорытынды жасауы тиіс.
Химия бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет