Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу



Pdf көрінісі
бет47/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу 
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспар бойынша 
мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне 
ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға 
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы 
керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін 
анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. 
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа 
алуына болады: 
-
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу 
мақсаттарын басшылыққа алу қажет; 
-
сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы 
мақсаттар қою; 
-
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, 
ресурстарды мұқият зерделеу
-
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады 
(Ұлттық білім академиясы, 2016). 
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық 
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. 
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын 
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі 
керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, «Химия» 
пәні бойынша 8-сыныптағы «Жер химиясы» бөлімінің оқу мақсаттарының бірі: 8.4.2.10 
табиғаттағы су айналымын білу және түсіндіру
.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақ мақсаттары әртүрлі болуы 
мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-
құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ 
мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі 
тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз. Бұл: 
-
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар 
аударуға; 
-
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; 
-
оқуды бағалауды жеңілдетуге; 
-
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет