ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ «Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың
әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі
мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар
мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан,
технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім
білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық
шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс
істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және
азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық
және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен
ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек».
Андреас Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014) «Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмай отыр.
TIMSS және PISA зерттеулері нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы орта білім
беру жүйесінің теориялық білім беру, оқушылардың ақпаратты есте сақтау, табу және
зерделей білуін
қамтамасыз ету деңгейінде жеткілікті дәрежеде тиімді екенін көрсетті.
Дегенмен, бұл жүйе оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын игеру және қолдану
мүмкіндіктерін, мәселен, математикалық білімін тәжірибеде қолдану және математикалық
ойлауын дамыту немесе оқылым барысында мәтінді талдау және бағалау сияқты
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады. Орта
мектепке арналған оқу бағдарламасының ғылыми сипаты басым және тым ауқымды болуы
тиімді оқытудағы негізгі кедергі болып табылады».
Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Милованович, 2014)