1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар Дағдылар -
шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
-
қарым-қатынас жасау қабілеті;
-
өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
-
жауапкершілік;
-
денсаулық, достық және айналадағыларға
қамқорлық көрсету;
-
өмір бойы оқуға дайын болу.
-
сын тұрғысынан ойлау;
-
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу
қабілеті;
-
проблемаларды шешу қабілеті;
-
ғылыми-зерттеу дағдылары;
-
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды
қоса алғанда);
-
жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
-
АКТ саласындағы дағдылар.
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын
әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы
құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Химия» және «Жаратылыстану»
пәндерінің оқу бағдарламаларынан көруге болады.
Халықаралық зерттеу барысында білім беру бағдарламалары мен бағалау оқыту
үдерісінен күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды.
Гриффин және басқалар (2012)
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) білім беру
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген
өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия,
Сингапур және Австралия сияқты елдерде білім беру бағдарламасы құжаттамаларында
мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық
мектептерінен күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды.
Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл
Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге
көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік
береді.
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндерін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның
нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.