Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі



Pdf көрінісі
бет10/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі 
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау білім беру 
бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса 
маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Білім беру 
бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай 
қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп 
әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, білім 
беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа 
жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады (1-сурет): 
1-сурет.
Білім беру бағдарламасының үйлесімділігі 
Үйлесімділік жалпы білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе 
деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту 
қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау 
оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге 
көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш 
компоненті – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің 
оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып 
табылатынына назар аудартады. 
Оқу мақсаттары білім беру бағдарламасының негізігі құжаттарының бірі болып 
табылатын оқу бағдарламаларында көрсетілген. Білім алушылардың оқу мақсаттарына қол 
жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен 
кәсіби дайындығын пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне 
әдістемелік қолдау көрсетіледі. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет