12
қалыптастыру;
-
сын тұрғысынан ойлау және эмоционалдық құндылық қатынастар негізінде ғылыми
түсініктер жүйесін дамыту;
-
функционалдық
сауаттылықты, оқу және практикалық тапсырмаларды шешу үшін
базалық және пәндік біліктілікті қалыптастыру.
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары білім
құндылықтарының және нақты пәнді оқыту нәтижелерінің өзара байланысы мен өзара
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын іске асыруға
мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен
білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың
қалыптасуына бағытталғанын
атауға болады. Оқу мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық
қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және
жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды
дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу
тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде жетістігінің кепілі болып
табылады.
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес
бөлімге бөлінеді, ал «Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі орта білім деңгейінде – жеті
бөлімге, жалпы орта білім деңгейінде сегіз бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік
пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары
осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай
отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында
оқушылардың қаншалықты алға
ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және
алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға
жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер
бойынша әзірленген оқу
бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік
қағидаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: