«Жаратылыстану» пәні. 5-6 сыныптары оқушыларына жаратылыстану бағытында
білім беру олардың білім құмарлықтарының дамуына, әлем жайлы ой-өрістерінің кеңеюіне,
ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді
бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Негізгі мектепте
«Жаратылыстану»
пәнін оқу және меңгеру оқушыларға қоршаған әлемнің көп қырлылығын,
табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын, өлі және тірі табиғатта болып жатқан
кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін, көптүрлі табиғат құбылыстары мен
нысандарын жүйелеу принциптерін, жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген
іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» пәні негізгі мектеп
бағдарламасындағы «Физика», «Биология», «Химия», «География» пәндерінің мазмұны
бойыша қисынды сабақтастықты қамтамасыз етеді. Пән 10-11 сынып оқушыларына «Физика»,
«Химия», және «Биология» пәндерін кіріктіре отырып, жаратылыстану ғылымынан білім
беруді іске асырады (2-кесте).
11
2-кесте. «Жаратылыстану» пәні: сабақтастық және ықпалдастық