Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«ХИМИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет11/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

«ХИМИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндерінің білім беру бағдарламаларының негізгі 
мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы 
жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде 
оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
«Химия» пәні. 
Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болып жатады, 
олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия 
пәні оқушыларға Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар 
екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. 
Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын 
түсінуге көмектеседі; жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған 
ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді. 
Химия оқушылардың дүниетанымын дамытуда, әлемнiң тұтас ғылыми бейнесін 
қалыптастыруда маңызды орын алады. Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада 
болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді. Химия оқушылардың 
сыни және сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік 
дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашылдық тәсілдерді қолдануды 
қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану 
және эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.
«Химия» пәнін оқу бағдарламасының мақсаты: 

оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен 
құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін 
ұсыну; 

оқушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды 
түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және 
шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет