8
ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай
қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған
білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл
осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет
«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық
ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған
сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-
қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы
тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін
құзырет болып табылады».
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында
қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):
Достарыңызбен бөлісу: