Құстар трихофитиясы
(фавус -
таз, тазқотыр) кезінде олардың терісі,
қауырсындары, ішкі органдары
зақымдалады. Құстардың айдарында,
сырғасында, тұмсық айналасында, ал
мысықтар мен иттердің аяқтарында,
тырнақтарында және басында сұрғылт-
ақ түсті қабыршақтар (скутулалар)
пайда болады.
Құстар
трихофитиясы
қоздырғышының морфологиялық
және
өсінділік
қасиеттері.
Trichophyton gallinae
-ның жаңа
өсінділердің мицелилері жіңішке, ал
ескі өсінділерінің мицелилері жуан
және жақсы сегменттелген болып келеді. Мицелилерінің ұштарында
бұғы мүйізіне немесе әтеш айдарына ұқсас тарамдары орналасқан.
Патологиялық материалдардан дайындалған препараттарда
хламидоспоралар артроспоралары бар мицелилерін және көп жасушалы
макроконидияларын кездестіруге болады. Сабуро агарында
T.gallinae
4-5
күннен соң сұрғылт келген, ұсақ колонияларды түзеді. 10-12-ші күні
колонияларының мөлшері 12 мм-ге дейін үлкейіп, беттері тегіс немесе
қатпарлы болып, олардың түсі сарғылт-ақ, қызғылт немесе қызыл түске
ауысады.
МИКРОСПОРИЯ қоздырғыштары ит, мысық, жыртқыш аңдар,
сирек жағдайда маймыл, теңіз шошқасы, қой және басқа да
жануарларды, сонымен қатар адамдарды да ауруға шалдықтырады.
Олардың қоздырғыштары: иттерде -
Microsporum canis,
жылқыларда -
Microsporum equinum, Microsporum gypseum
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |