Дерматомикоздарда патологиялық материал ретінде сау және
жарақаттанған терінің шектескен жерінен қабыршақтары, зақымдалған
жүндерімен бірге алынған қырынды пайдаланылады.
Дерматомикоздардың микроскопиясы. Зерттеуге алынған
патологиялық материалды Петри шынысына қайшы немесе
скальпельмен ұсақтап салады. Сосын зат шынысының бетіне салынған
үлгіге NaOH немесе KOH 20%-ды ерітіндісін тамызып, жалынның
үстінде сәл қыздырады. Соңында үлгінің үстіне 50%-ды глицериннің
судағы ерітіндісін тамызғаннан кейін жапқыш шынымен жауып,
микроскоппен зерттейді. Препараттан саңырауқұлақтар мицелилері мен
спораларының табылуы дерматомикоздарға диагноз қоюға жеткілікті
дәлелі.
Trichophyton және
Microsporum тұқымдарына жататын
саңырауқұлақтарды бір-бірінен ажырату үшін олардың өсінділік
қасиеттерінің ерекшеліктері зерттеледі.