Морфологиялық және өсінділік қасиеттері.
Патологиялық
материалдарда
Microsporum
саңырауқұлағы тарамдалған мицелилер
түрінде кездеседі. Зақымдалған шаштардың айналасында ретсіз
орналасқан, дөңгелек пішінді споралары бар қапшық түзеді. Глюкоза
қосылған Сабуро агарында
Microsporum equinum
26-28ºС-та 6-7-ші
күндері қатпарлы келген сұрғылт түсті үлпілдек мицелилермен
қапталған колонияларды қалыптастырады. Өсіп-жетілген мицелилерінің
түсі сары немесе қоңыр болып келеді.
Microsporum canis
сусло-агарда 3-
4 күннен соң сұрғылт-ақ түсті, сәулелі ортасы бар шеңберлі
колонияларды құрайды. Жетілген колониялары сары және қоңыр түсті
болады.
Microsporum gypseum
сусло-агарда жалпақ, сарғыш-ашық-қоңыр
түсті колонияларды түзеді. Олардың мицелилеры ракета тәрізді,
макроконидилері көп жасушалы болып келеді.
Microsporum
тұқымының
саңырауқұлақтары флуорисцирлеуші пигмент (птердин) бөліп
шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: