Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет239/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал
ретінде ұсақ жануарлардың өлексесі
тұтас, зақымдалған органдары немесе олардың кесіндісі, жұмыртқасы,
өлекселердің қырындылары алынады. 
Зертханалық диагноз
патологиялық материалдар препараттарын
микроскопиялық зерттеу және таза өсіндіні бөліп алу нәтижесінде
қойылады. Гранулематозды ұлпаны жалын бетінде күйдіріп, ортасын
стерильді жағдайда кеседі де, Чапек, Сабуро, қан қосылған агар, ми және
жүгері қосылған агар, ЕПА (рН 5,5-6,5) құйылған Петри шыныларына
себінді жасағаннан кейін, 25-37ºС-та инкубациялайды. 3-5-ші тәулікте
тығыз қоректік орта бетінде аспергиллалардың түрлеріне тиісті
колониялары пайда болады. Аспергиллалар аэробтар. 
Aspergillus fumigatis
Чапек ортасында тегіс немесе кедір-бұдыр,
алғашында ақ түсті, сосын жасыл түсті, ал жетілгендері қара түсті
колонияларды түзеді. Колонияларының астыңғы беті түссіз немесе
сарғыш-қоңыр түсті болады. Микроскоппен қарағанда тегіс, қысқа,
жасыл түсті конидиді алып жүрушілерді байқауға болады. Гифтерінің
арасында перделері болмайды, олардың жоғарғы жағын колба тәрізді
болып келген (ішінде спорасы бар) өсіндісі болады. Конидилері күңгірт-
жасыл түсті.
Aspergillus flavus 
пен
Aspergillus niger 
Чапек ортасында споралары
бар жалпақ колонияларды түзіп өседі. Олардың түсі дамып келе жатқан
конидилердің мөлшеріне байланысты. Микроскоппен қарағанда түссіз
мицелилері көрінеді. Жиі жағдайда жасуша қабырғасы қалың, дөңгелек
пішінді склероцияларды түзеді.
МУКОРОМИКОЗ қоздырғышы 
Oomycetes
класына 
Mucor 
туысына
жататын төменгі жетілген саңырауқұлақтардың өкілі. Аурудың
қоздырғышы
M.racemosus
. Мукоромикоз (фикомикоз) - лимфа бездері
мен өкпеде, сирек жағдайда басқа да органдар мен ұлпаларда
гранулематозды процесстердің (туберкулезге ұқсас) дамуымен
сипатталады. Бұл ауруға шошқа, жылқы, ірі қара мал, қой, терісі бағалы
аңдар және зертханалық жануарлардың ішінен - теңіз шошқасы мен
тышқандар сезімтал келеді. Зерттеуге ірің, некрозға ұшыраған және
гранулематозды ұлпалар, экссудат алынады. Диагноз патологиялық
материалдарды микроскопиялау және таза өсінділерді бөліп алу
негізінде қойылады. 
Препараттардың микроскопиясында септикалық емес мицелилер
(мицелилері бөлінбеген) көрінеді. Ірі спорангилердің спора сақтаушы
гифінде дамып келе жатқан споралары байқалады. Ескі өсінділердің
хламидоспоралары болады. 
Қоздырғыштың таза өсінділерін бөліп алу үшін гранулематозды
ұлпаны жалында күйдіріп, ортасын тіліп, Петри шыныларындағы Чапек
немесе басқа орталарға себеді. Үшінші тәулікте қоректік орта бетінде
171


киізге ұқсас сұрғылт-ақ түсті колониялар түзіледі (25-30ºС). Кейінірек
оның түсі қоңыр болады (80-сурет). 
КАНДИДАМИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Candida
туысына жататын,
ашытқыға ұқсас микроскоптық саңырауқұлақ. 
Candida albicans 
жоғарғы
жетілмеген саңырауқұлаққа жатады. 
Бұл жануарлардың кілегей қабаттарында өне бойы мекендейтін,
кандидамикоз ауруын тудыратын, ас қорыту және әртүрлі органдардың
кілегейлі қабаттарының ұлпаларын зақымдайтын факультативті паразит.
Candida albicans
негізінен құстар, сирек торай, бұзау, қозы, күшіктерді
ауруға шалдықтырады. Мұндай
малдар организмінің резисттенттілігі
төмендейді.
Патологиялық материал ретінде
ауыз қуысы, өңеш, жемсауының
(бөтегесінің) кілегейі, сиыр сүті, т.б.
алынады. Диагнозды микроскопия
және таза өсінділерді бөліп алу
негізінде қояды. 
Патологиялық
материалдың
микроскопиясын боялмаған және
Грам, Циль-Нильсон, Романовский-
Гимзе
тәсілдерімен
боялған
препараттарда жүргізеді. Боялмаған
жағындыларда саңырауқұлақ ортасында перделері бар псевдомицелий
жіпшелері түссіз болып, 2-4-ке бөлініп жатқан жасушалары көрінеді (81-
сурет). Таза өсінді алу үшін материалды 2%-ды глюкозасы бар Сабуро,
Сусло-агар, ЕПА-ға себеді. Сусло-
агарда
C.albicans
дөңгелек, жылтыр,
томпайған немесе жалпақ, шеттері
тегіс колонияларды түзеді.
Candida albicans
глюкоза мен
мальтозаны қышқыл мен газға,
сахарозаны
қышқылға
дейін
ферменттейді,
ал
лактозаны
ферменттемейді. 
Кандидомикоз
қоздырғышының
патогенділігін анықтау үшін өсінді
споралары мен мицелилерінің
суспензиясын қоян, теңіз шошқасы
және ақ тышқандардың қан
тамырларына жұқтырады. Нәтиже оң болған жағдайда саңырауқұлақтар
жануарлардың барлық органдарында дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет