күдікті жануарларды шаруашылық жағдайларында жарып союға тыйым
салынады.
Зерттеуге арналған материалдар ретінде ұсақ жануарлар түгелдей,
ал ірі және орташаларының басы бастапқы екі мойын омыртқасымен
бірге алынады. Ұсақ жануарлардың өлекселерін инсектицидтермен
өңдеп, пластикті қалталарға,
сосын дезинфектанттармен
ылғалдандырылған төсеніш салынған жәшіктерге салып зертханаға
жөнелтіледі.
Бабеш-Негри денешіктерін анықтау.
Бас миының барлық
бөлімдерінен зат шыныларының беткейіне жұқа жағынды немесе таңба
(әрқайсысынан 2 препарат) дайындайды да, Селерс, Муромцев, Манн,
Ленц немесе басқа әдістердің біреуімен бояйды.
Селлерс бойынша бояу әдісі: жаңадан дайындалған жағындыға
бояуды (1%-ды негізгі фуксин ерітіндісінің бір бөлігі мен 1%-ды
метилен көгінің 2 бөлігінің қосындысы) тамызып, 10-30
секунд
ұстағаннан кейін фосфатты тұз ерітіндісімен шаяды да, бөлме
температурасында (қараңғы жерде) кептіреді. Дайын болған препаратты
иммерсиялы май тамызып микроскоппен қарайды. Мұнда жасуша
цитоплазмасындағы Бабеш-Негри денешіктері қызғылт-қызыл түсті,
сопақша түйіршіктер тәрізді болып көрінеді (83-сурет).
Биосынама
жоғарыда аталған әдістер
(ИФР, ДПР,
Бабеш-Негри
денешіктерін
анықтау) теріс нәтиже көрсеткен және
күдіктенген жағдайларда салмақтары 16-20 г
болатын ақ тышқандарға қойылады. Ол үшін
бас миының барлық жүйке ұлпаларын
стерильді құм салынған келілерде ұнтақтап,
физиологиялық ерітіндімен 10%-ды
суспензия дайындағаннан кейін 30-40
минутқа қояды да,
тұнба сұйықтығын
жұқтырушы материал ретінде пайдаланады.
Бактериялармен ластанған деп күдіктенген
жағдайда пенициллин мен стрептомицинді
500 ӘБ/мл мөлшерінде қосады. Бір биосынамада 10-12 тышқандар
қолданылады. Бір тышқанның бас миына 0,03 мл патологиялық
материал суспензиясын интрацеребральды жолмен, қалғандарын мұрын
немесе үстіңгі ерін терісінің астына 0,1-0,2 мл-ден жұқтырады.
Патологиялық материалдар жұқтырылған тышқандарды 30 тәулік бойы
күнделікті бақылап отырады. 48 сағат
аралығында өлімге ұшыраған
тышқандар есепке алынбайды. Құтырық вирусымен жұқтырылған
тышқандарда 7-10 тәуліктен соң келесі симптомдар: жүндерінің үрпиюі,
арқаларының бүкіреюі, қозғалыс координациясының бұзылуы,
бастапқыда артқы, сосын алдыңғы аяқтарының салдануы және өлімге
ұшырауы байқалады. Өлімге ұшыраған тышқандардың бас миын ИФР,
ДПР және олардан Бабеш-Негри денешіктерін анықтайды. Аталған
Достарыңызбен бөлісу: