Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет7/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189
7
КІРІСПЕ
Физиология (грекше – табиғат, ілім) – тірі организм мен оның, жеке 
жүйелерін, ағзаларын, ұлпаларды және жасушаларының әрекеттерін, 
функцияларын зерттейтін биологиялык ғылым. Физиология организм 
жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және 
сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. сонымен қатар ол функ-
цияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық 
даму барысында бақылайды.
Физиология − ертеден дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым 
ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің 
тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерінің әдістерін қолданып, 
көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан 
жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейро-физиология, эндо-
кринология, радиобиология бөлініп шықты.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми 
бағытына карай жалпы, жеке және қолданбалы болып үш бөлімге 
жіктеледі.
Жалпы физиология 
организмнің жасушалары мен ұлпаларына, 
ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үдерістерінің табиғатын, функ-
цияларын, жалпы көрсеткіштерін, касиеттерін зерттейді. Олардың 
сыртқы және ішкі ортаның әртүрлi әсерлеріне әрекетін, жауабын, 
тітіркену, қозу және тежелу кұбылыстары туралы мәліметтерді 
қарайды.
Жеке физиология
кейбір ұлпалардың (ет, жүйке т.б.), ағзалардың 
(жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қан 
айналымы, тыныс, ас қорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылуын және 
реттелуі негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология
− адамның әлеуметтік жағдайлары мен 
мақсаты, іс-әрекетіне байланысты зандылықтарды анықтайды. 
Оның қатарына еңбек физиологиясы жатады. Ол адам организмінің 
еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жұмыскерлігін, оған 
өндірістік әсерлерді тексеріп, тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге 
асырады. 
Спорт физиологиясы
дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін 
ғылыми тұрғыдан ұйымдастырады. 
Тамақтану физиологиясы 
адам-
дардың жасына сәйкес әртүрлi кәсіби топтар үшін арнайы, ұтымды 
тамақтану шарттарын қарастырады. 


8
 
 

соңғы жылдары адамның жаңа істер, мекен-жайлар игеруіне 
байланысты қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларын тексеретін 
экологиялық, физиология үдеріс 
дамуда. сол сияқты ұшқыштар
ғарышкерлер, сүңгушілер организміне табиғаттың әр алуан төтенше 
түрткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін зерттейтін 
суасты, авиа
-
ция
және 
ғарыш физиологиясы
қалыптасты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет