Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері



Pdf көрінісі
бет214/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері. 
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің 
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы. 
Мектептің тәрбиелік жүйесі 
– 
оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс 
өмірін, әртүрлі әрекеттерін және мектептен тыс қарым-қатынастарын
әлеуметтік, 
табиғи, 
пәндік-эстетикалық 
ортаның 
әсерін, 
кіріктірген 
педагогикалық процесті толығымен қамтиды және ол толассыз кеңейіп 
отыратын тәрбие кеңістігі.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген 
объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді 
және күрделі процесс болып табылады. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп 
өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге және өскелең 
ұрпақтың әлеуметтенуіне байланысты.
Жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – өсіп келе жатқан әрбір баланың 
басқалармен қарым-қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған 
қоғамда қабылданып тұрақтанған адамгершілік сапалары мен мінез-құлық 
нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, 
әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас ұрпақтың 
әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әртүрлі сипаттағы 
ішкі және сыртқы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен 
әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім-
тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары, креативті, шығармашыл 
азамат ретінде қалыптасу арқылы жүзеге асырылады. Мектептің тәрбие процесі 
жас ұрпақты әлеуметтендірудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет