192
-
адамгершілік сана
: адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік
нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия;
-
жеке тұлғаның құндылық бағыттылығы
:
бала іс-әрекеті мен мінез-
құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы;
-
жеке тұлғаның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының болашаққа
бағытталғандығы
: іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын
өзіндік
реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің
моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі;
-
тәрбиеленушінің өзіне деген сенімі
: ұжымда
тәрбиеленушінің бір-біріне,
өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты
өзгеруі, яғни олар бір-біріне қайырымды бола түседі,
шеттетілген
тәрбиеленушінің досы пайда болады, нашар оқитын тәрбиеленушінің өзіне
деген сенімі нығаяды.
Тәрбиеленушінің әрбір іс-әрекеті, тәртібі, үлкендермен
қарым-қатынасы
тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Олардың тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру
үшін өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс кездегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі
тәртібіне нақты баға беру керек. Ол үшін ұзақ уақыт және әртүрлі әдіс-тәсілді
пайдалану қажет.
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана алу да
қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік
бағыттылық;
оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
тәрбиенің жағдайлары мен
шарттары;
оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің
өзара байланысы мен
жүйесі.
Тәрбиелілік диагностика дегеніміз – бұл сынып жетекшісінің әрбір
тәрбиеленуші мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын
зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты
–
тәрбиеленушілердің моральдық және әлеуметтік
сапаларының шын мәніндегі
жағдайын белгілеу, оның қиын және қатерлі аспектілерін анықтау.
Оқушылар тәрбиесінің деңгейлері 80-суретте ашылды.
Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар:
1)
Сынып жетекшісінің педагогикадан және жалпы психологияның
теориялық негіздерінен алған білімдерін көрсете алуы, ол білімдерін
тәрбиеленушілердің нақты психологиялық және
педагогикалық фактілерді
түсіндіруде қолдана білуі тиіс.
2)
Осы айтылған фактілерді таба білуі, яғни зерттеудің негізгі тәсілдерін
қолдана отырып, психологиялық ой елегінен өткізу үшін объективті материал
жинақтауы керек. Ол үшін бақылау, тәжірибе (эксперимент),
әңгіме-сұхбаттың
қандай пайда әкелетініне талдау жасағаны жөн.