IV ТАРАУ
ЖЕҢІСКЕ БАРАР ЖОЛДАҒЫ
БАРЬЕРЛЕР (КЕДЕРГІЛЕР)
Қ А Б ІЛ Е Т Т І АНЫ ҚТАУ:
Ж О Қ Т Ы Қ У АЛ АМ АЙ БАРДЫ Д А М Ы Т У
Х_хі>уылда өстік қой. Малды өрістен күтіп алу, жем-
шөбін баптау қалыпты шаруа болатын. Сиыр жоғалғанда
оны іздеуге шығамыз. Теміржол бар. Теміржолды өткеннен
кейін жол екіге жарылады. Оңға кетесің бе, солға кетесің бе
деген таңдау болады. Сиырдың қайда екенін білмейсің, елу
де елу. Сонда өзіміз ойлап тапқан GPS жүйесі болатын. Екі
қолыңмен екі қасыңды жүласың.
Қай қолыңда көп шык-
са, сол жаққа карай жүресің. Сол сияқты, Құдай да бізді
жаратқанда әрқайсысымызға GPS берген. Оның аты - қа-
білет. Ұйымдастырушылык кабілет, жинақылық пен үқып-
тылық, бір жүмысты соңына
дейін жеткізетін қайсарлық,
кейбір адамдар техникаға, детальдарға қүмар, кейбірі сөзге
шебер, кейбірі математикаға жүйрік. Кей адамдарда талғам
болады. Олардың дизайнға икемі болады, жэне онысы ки-
ген киімінен-ақ белгілі.
Осы дүниелер адамның болашағын анықтайды. Оның
эн салатыны мен би билейтіні емес. Мысалы, Стив Джобс
компьютер данышпаны емес.
Есесіне талғамы өте жоғары
адам болды. Соның аркасында
IT
саласындағы аңызға ай-
76
пилған компанияны кұрды. Оның өнімдерін талғам ерек-
шслеп тұратын. iPhone, iPod, iPad, іМас - Apple-дің кез
кслғен өнімі элі күнге эстетикалық тартымды дүниелер.
ІІемесе Тиньковты алып қара. Ол
табиғатынан эпатажға
/ісақын болған. Жэне барлық бизнесінде сол эпатаждығы
омың фишкасына айналды.
Бір қызығы, бізде кішкентай кезімізден математикамыз
бес, ағылшынымыз үш болса, ағылшынымызды дамытуға
күш салатынбыз. Джи Ди Мейер “Аджайл для себя: систе
ма личных достижений в работе и жизни” (Getting Results
the Agile Way: A Personal Results System for Work and Life)
деген кітабында адамның дамуына септесетін он бағдар бе-
реді, соның бірі “Артықшылықтар
кемшіліктерден маңы-
зды” дейді. Өз тәжірибем бойынша да солай, жетістікке
жеткен адамдар, өзінің күшті жағын дамытқандар. Бұл -
заңдылық.
Мысалы, біздің компанияда маркетинг менің қолайыма
жағады. Елдің алдында сөйлеу маған ыңғайлы.
Ұйымдас-
гыру оңай. Бірақ қаржылық операциялар, детальдарға кіру
маған өте қиын. Ертеректегі ата-аналардың логикасына са-
латын болсақ, қазір мен маркетингтік икемділікті шегеріп,
финансқа, бухгалтерияға көңіл бөлуім керек. Алайда ол
менен өте үлкен күшті талап етеді жэне нэтижесі де жақ-
сы болмауы мүмкін. Сондықтан бұл жүмыстармен өзімнің
бауырым Дархан Шонбай айналысады.
Оның қолынан ке-
леді, табиғатынан детальдарға сақ. Мен сыртқы келбетін
қараймын, ол астарын қарайды. Біз маркетинг дэуірінде
өмір сүріп жатырмыз. Қазір өнімнің өзі ғана емес, оны
қандай қорапқа орап беріп жеткізіп отырғаның да бірдей
маңызды.
_________________________________________________
ЕКІНШІ БОЛМА
77
Қысқасы,
өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Қай ісің үшін
әдетте мақтау естисің? Қай істі өзгелерден жақсы істейсің?
Сенің артықшылығың неде? Мүмкін,
сен кеңседе қатар-
дағы қызметкерсің, бірақ талантты аспаз шығарсың? Де-
мек, аспаз болсаң, жетістікке жетуің жылдамырақ болады.
Табиғат ешкімді де құрқол қалдырмаған. Әр адамға өзінше
қабілет пен талант берген. Біреудің бауырсағы дәмді, біреу
жақсы сөйлейді, біреу жақсы жазады.
Басқаша айтқанда,
не нәрсеге икеміңнің барын білу, саналы түрде өзіңді скри-
нингтен өткізу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: