Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет105/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ойлау дағдыларын 
дамытуда құштар
-
лықты қалай қолданатыны қарастырылады. Қорыта келгенде, бұл ба
-
лалардың ойлау, оқу процестерін түсінуге нейробиологияның қандай 
үлес қосатынын қарастырады.
4
ТАРАУ


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
138
Мұғалімнің өз ісіне құштар болуы деген не?
Құштарлық ұғымына «адамның өзі ұнатқан және маңызды деп са
-
наған істі ықыласпен, құлшыныспен орындауы және соған уақыты мен 
бар күшін сарп етуі» деген анықтама берілген. Адам басқа бір адамға, 
музыкаға, тағамға, бір затқа, бір жерге, жануарларға, басқа да мәселеге 
және өз жұмысына құштар болуы мүмкін. Адамның бір нәрсеге немесе 
біреуге қатты көңілі ауғанда, қандай қиындық болса да көтеруге, қан
-
дай құрбандыққа болса да баруға дайын тұрады. Бұл терминнің латын 
тілінен алғандағы бастапқы мағынасы – «қиналу» (Latin passio). Мұн
-
дай жанқиярлық қалыпты жұмыс пен өмір теңгерімін және салауатты 
қарым-қатынасты сақтауда қиындық тудыруы мүмкін.
 
Құштарлық
-
тың тудыратын қаупі адамды құмарланған нәрсесіне шамадан тыс ба
-
сыбайлы етіп, басқа іске икемсіз қылады, сөйтіп кикілжің тууына негіз 
болады. Бойын обсессивті құмарлық билеген адам өзі қаламаса да, үне
-
мі жұмыс істеуге мәжбүр болады, өз қалауын, мүмкіндігін білдіретін 
сөздерден гөрі «істеуім керек», «істеуге тиіспін» деген сөздерді қолда
-
нуды дұрыс көреді. Тағы бір жағынан алғанда, психологтар «үйлесім
-
ді құмарлық» деп атайтын бұл күй өмірдің мән-мағынасын, ондағы өз 
орнын, мақсатын түсінуге көмектеседі. Бұл Робинсон (2009) «Элемент» 
немесе Чиксентмихай (1997) «тасқын күй» деп атаған күйге сәйкес ке
-
леді, яғни адам бір іске ынта-шынтасымен кіріскен кезде ол үшін уа
-
қыт та екінші орынға шығып қалады.
Нейробиология тұрғысынан айтқанда құштарлық жүректен емес, 
мидан бастау алады. Бір жас жігіттің миының ауыр ұстамаларға жауап 
беретін бөлігін алып тастағанда, оның адамдарға деген қызығушылы
-
ғы мүлде жоғалғаны байқалған. Адамдармен әңгіме-дүкен құра алса 
да, оңаша қалғанды жөн көретін болған. Ол достарын, туыстарын, тіп
-
ті анасын да есіне түсіре алмаған (Goleman, 1996). Хирург жас жігіттің 
миындағы эмоциялық жауаптарды басқаратын амигдаласын (грек 
тілінен аударғанда «бадам» деген мағынада) алып тастаған. Деген
-
мен ми аса күрделі жаратылыс, оның қалай жұмыс істейтінін түсіну 
әлі де қиын. Мысалы, осыған ұқсас жағдай эпилепсиядан емделу үшін 
амигдаласын алып тастаған әйелде болған. Ол 13 жылдан астам уақыт 
бойы «гипер эмпатиясын» дамытып, басқа адамдардың сезімін та
-
нудың шеберіне айналған. Шамасы алынып тасталған бөліктің өтеуі 
ретінде мидың басқа бөліктерінің қызметі артқан секілді (Gholipour, 
2013). Амигдалаға жүргізіліп жатқан зерттеулер балалардың эмоция
-
лық жай-күйін қалай дамытуға болатынын, олардың импульсивті әре
-
кеттерін басқару жолдарын түсіндіріп беретіні сөзсіз (Blakemore and 
Frith, 2005).


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
139
Дэниэл Големан (1996) сияқты жазушылар адамда екі түрлі зер
-
де болатынын айтады: ойлайтын (рационалды зерде) және сезінетін 
(эмоциялық зерде), әдетте оны «жүрек» пен «бас» деп атайды. Адам
-
ның бойын мазасыздық, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз эмоция 
билегенде, рационалды ойлауы солардың қыспағында қалады. Ал ке
-
рісінше қуаныш, үміт және махаббат сияқты жағымды эмоциялар оқу 
әрекетін жақсартады. Әрине, құштарлықтың жағымды да, жағымсыз 
да жақтары бар. Эмоция мен ақыл арасындағы тепе-теңдікті табу – 
өмірдегі үлкен қиындықтардың бірі.
Оқыту аясындағы құштарлықтың романтикаға, физикалық тар
-
тымдылыққа немесе жыныстық жақындыққа еш қатысы жоқ. Ол мұ
-
ғалімнің идеяларға, тақырыптарға және балаларға деген сүйіспеншілі
-
гіне қатысты ғана қарастырылады. Қажырлы еңбек етіп жүрген мұға
-
лімдер жетерлік, бірақ олардың бәрі өз ісінен ләззат алып жүрген жоқ. 
Олар мектепке келіп өзгелерді оқытуға құштар емес. Өз ісін сүйетін ұс
-
таздың өзінің басқа нәрсемен айналысып жүргенін көз алдына елесте
-
туі өте қиын. Олар тәуекелге бара алатындар (жағдайды жақсарту үшін 
шеңберден шығу мағынасында) білім мен идеяларға мұқият қарайды, 
мектептегі және одан тыс жерлерде болып жатқан жаңалықтардан 
хабардар болып отырады және әр баланың әлеуетіне назар аударады 
(Fried, 1995). Өз ісіне құштар мұғалім әртүрлі себептермен есте қалады. 
Мысалы, кейбірі поэзияға деген сүйіспеншілігімен, ғарыш ғажайыпта
-
рына құштарлығымен, гитарада ойнауы, нәсілшілдікке қарсы күресті 
қолдауымен немесе планетаны сақтап қалуға ұмтылуымен. Құштар
-
лық мұғалімдерді оқуға деген сүйіспеншілігін бөлісуге және жас ақыл 
иелерін оқу процесіне серіктес ретінде қалай тартуға болатыны жайлы 
ойлануға итермелейді. Өз ісіне құштар мұғалім деген бойында күш-
жігері тасыған, өзіне сенімі әрқашан нық жандар дегенді білдірмейді. 
Құштарлық әртүрлі жолмен байқалуы мүмкін. Өз ісіне құштар мұғалім
-
дер арасында да ұстамды, кішіпейіл, қарапайым мұғалімдер бар, алай
-
да діттеген жеріне жетуде оларды ешкім тоқтата алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет