Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
246
белгілі бір сөздерді, сөз тіркестерін, техникаларды немесе суреттерді
не себепті қолдануға шешім қабылдағаны жайлы сұрау. Демократия
-
лық қоғам үшін ерте жастан сыни тұрғыдан оқу дағдыларын дамыту
өте маңызды.
Зерттеулерге
қарағанда, 4–7
жас аралығындағы балалардың
оқу уақытының 80 пайызы көркем әдебиет
оқуға жұмсалады екен
(Medwell
et al.,
2007). Бұрын балалар көркем әдебиеттен басқа үлгілер
-
ді тек көркем әдебиетті оқуға әбден төселіп алған соң ғана оқи алады
деп саналатын. Алайда балалар дүниеге келген сәттен-ақ ақпараттық
басылымдар ортасына түседі және оның алғашқы кітабы кәдімгі бала
-
лар альбомы болады. Бастауышқа арналған
оқу бағдарламасы мұға
-
лімдерге мазмұн мен индекс парақтарын пайдалану, фактілерді пікір
-
лерден ажырату және нақты ақпаратты орналастыру секілді балалар
-
дың анықтамалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Балаларға
ғылыми-публицистикалық әдебиетті оқытуды жүйелі түрде жүргізу
керек (6.4-кесте). Егер балаларға түрлі ғылыми-публицистикалық мә
-
тіндерді (мысалы, газеттер, күнделіктер, электронды мәтіндер, хаттар,
атластар,
энциклопедиялар,
құжаттар, нұсқаулықтар мен тізімдер)
тиімді қолдану жолдары үйретілмесе, олар өмірге жеткілікті деңгейде
дайындалмаған болып шығады.
Билби (1999: 150) ақпараттық дағдыларды «ізде, түсін және қол
-
дан» моделі арқылы дамытуды қолдайды. Іздеу қандай ақпарат қажет
екенін анықтап алудан басталады, сондықтан балалар нақты сөздерді
іздеу үшін әліпбиді қолдана алуы керек. Яғни балаларға кітапханадағы
белгілерді, сөре жапсырмаларын, каталогтарды, тақырыптық индекс
-
тер мен сандық дереккөздерді пайдалану арқылы іздеген материалын
қалай табуға болатынын үйрету керек. Скиммингтің (шығарманың
жалпы мазмұнына болжам жасау) және сканерлеудің (нақты сөздерді
табу) негізгі дағдыларын кітаптың көшірме үлгісіне қолданып көруге
болады. Мәтінді талдай алу үшін, балалар айтылған ойды түсінуге кө
-
мектесетін терең оқу дағдыларын дамытуы керек. Ол үшін мұғалімдер
тақырып, айдар, аннотация және басқа да кітап бөліктері нені меңзеп
отырғанына назар аударуға тиіс.
Жазылым
Көп жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларының жазу тіліне қа
-
тысты алаңдаушылық аз айтылған жоқ (OFSTED, 2000, 2012b). Жазу,
әсіресе ұл балалардың үлесінің төмен
болуы тұрғысынан сауат ашу
-
дың ең әлсіз элементі саналды (6.4-қосымша). Білім беру стандартта
-
ры басқармасы (2000) жазылымды
үздік меңгертудің мынадай ерек
-
шеліктерін көрсетеді:
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
247
Достарыңызбен бөлісу: