Математика тілі
Ағылшын тілінде 400 мыңнан астам сөз болса да, математикалық
таңбалар мыңға жетпейді және олар бірнеше қағиданы басшылыққа
алады. Жалпы алғанда, адамдар математикадан гөрі ағылшын тілі арқы
-
лы үлкен жетістіктерге жететін сияқты (Kelley, 2008). Боалердің (2009)
сөзінше, сыныптағы ең үлкен проблемалардың бірі – балалардың мате
-
матика туралы аз сөйлесетіні. Белгілі математиктер проблема туралы
біреулердің айтқанын тыңдағаннан гөрі, соны өзінің айта алуы олар
-
дың түсінігінен хабар беретінін айтады. Қолданыстағы терминология
салдарынан қанша баланың математикадан қиналып жүргенін білмей
-
міз (Durkin and Shire, 1991). Әдетте «екі де бір» сияқты тіркестер нақты
бір нысанмен байланыстырылмаса, бес жастағылар үшін қиындық ту
-
ғызады. Балдырғандар сандық жүйенің логика жетіспейтін сөздерімен
бетпе-бет келуге мәжбүр. Мысалы, «он үш» пен «жиырма үш» деген екі
санды да цифрмен жазғанда сөздердің арасында ешқандай нақты бай
-
ланыс болмайды. Азияның негізгі тілдерінде терминдер екі форматта
да анық және тура мағына береді. 13 сөзі «one 10 three» және 23 «two
10 three» деп беріледі. Уэльсте сандар белгілі бір қисынға сай жазылады,
мысалы, 13 «one 10 three». Ағылшын-валлий шекарасында жүргізілген
шағын зерттеуге қарағанда, ана тілі валлий тілі болып саналатын бала
-
лар оқуда ағылшынтілділерден гөрі математикадан жақсы нәтиже көр
-
сеткен (Loder-Symonds, 2012). Білікті мұғалімдер жаңа лексиканы нақты
және сәйкес келетін нысандарды, математикалық аппаратты, суреттер
-
ді және/немесе диаграммаларды қолдана отырып, контекстке сай енгі
-
зеді. Балалар үшін арнайы терминдер туралы білімін жетілдіретін өз ма
-
тематикалық сөздік қорын қалыптастырудың пайдасы зор. Оқушыларға
өз жұмысын жазу үшін таңбалар мен сөздерді, суреттерді қиыстырып
қолдануға кеңес беру керек. Мұғалімдер оқушылардың математикалық
тілді қолданудағы сенімділігін арттыру үшін, мектепте түскі ас беру шы
-
ғынын есептеу, сабаққа келмегендер санын анықтау секілді нәрселерді
күнделікті сөз етіп отыруы керек. Сондай-ақ олар жаңалықтар, пьесалар,
музыкалық бағдарламалар, мерейтойлар және қоғамдық сауалнамалар
ұсынатын аздаған мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануға тиіс. Автордың
жеті жасар ұлының математикаға деген қызығушылығының артуына
сүйікті командасының (Swansea F.C.) премьер-лигадағы ойынын апта
сайын кестеден тексеріп, қадағалап отыруы, сол туралы жаңалықтарды
бөлісуі (мысалы, 4–2–3–1, 4–4–2, 4–5–1) себеп болған.
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
255
Достарыңызбен бөлісу: |