Оң көзқарас қалыптастыру
Біріккен Корольдікте математикаға теріс көзқарас ерте жастан қа
-
лыптаса бастайды. 7 жаста балалардың көпшілігінің қызығушылығы
мен үлгерімін қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Содан кейін бұл үде
-
ріс циклдік сипатқа ие болып, кейбір ата-аналар (кейде мұғалімдер)
келер буыннан да күдер үзеді. Тағылымдамадан өткен мұғалімдерден
мектептегі математиканы оқыту тәжірибесі жайлы сұрағанда, олар
оны қорқынышпен еске алып, сол кезде бойын қандай үрей билегенін
жасырмайды (Haylock, 2006: 3). Егер мұндай қатынас болмасын десек,
онда мұғалімдер математиканың ортақ, ынталандырушы, мәселені ше
-
шуге бағытталған, шынайы өмірге қажет пән екеніне сенуі керек. Оқу
-
шылардың математикаға деген оң көзқарасын оларды ынталандыру
арқылы және сыныптағы жұмыстарын өз тәжірибелері мен шынайы
өмір жағдайларына сай ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады
(Haylock and Cockburn, 1997).
Математиканы оқытудағы басты мақсаттардың бірі – оқушылар
-
ды осы пәннен жетістікке жетуге болатынына, оған қабілеті жететіні
-
не сендіру. Қабілетке, ықылас пен үздіксіз тәжірибеге емес, күш салуға
ден қою керек. Оқушылар математиканың қуатты құрал әрі қарым-қа
-
тынастың маңызды түрі екеніне көз жеткізгенде, оған деген көзқара
-
сы жақсы жағына өзгереді. 2012 жылғы сауалнама ересектердің бес
-
тен бірі мектепте оқыған математиканың өмірде кәдеге жарайтынына
сенбейтінін көрсеткен (www.nationalnumeracy.org.uk/news/10/index.
html). Әйтсе де математиканың күнделікті өмірдегі маңызын көрсету
мұғалімдерге қиынға соқпайды (6.5-қосымша).
Кокрофт өз баяндамасында (1982) кішкентай балалардың мате
-
матикаға деген жағымды қатынасын қалыптастыра отырып, олардың
қызығушылығын ояту мен құлшынысын арттырудың маңыздылығын
атап өтті. Исингвуд пен Уильямс (2004: 1) кейбіреулердің «ағылшын
тілінен нашар» екенін мойындаса да, неге «математикадан нашар» бо
-
луға әлеумет тарапынан түсіністік танытылады деген маңызды мәсе
-
ле көтереді. Авторлар мұны балалар арасында кең таралған «сандық
соқырлықпен» және математиканы нашар оқытуға болады деген ұш
-
қалақтықпен байланыстырады. Басқа пәндердегідей мұғалімдер мен
оқушылардың пәнге деген қатынасы сыныптағы оқыту мен оқудың
сапасына қатты әсер етеді. Математикаға «қабілетім жоқ» деп санай
-
тын оқушылар қиындықты жеңуге талпынып, табандылық таныт
-
пайды, өйткені олар ештеңе шығара алмай ұятқа қалудан қорқады.
Бұл –
Достарыңызбен бөлісу: |