Сандар туралы білім
Ежелгі дәуірден бастап халықтар өздерінің діни, мәдени және
саяси оқиғаларымен байланысты сандарға қатты мән берген: 9/11,
666 (Шайтан саны), 24/7 және 1 066. Сандар – адамдардың табиғат құ
-
былыстарын бақылауынан пайда болған өнім: қолдағы саусақтарының
саны немесе ай толғанға дейінгі аралықтағы күн мен түн саны (Glynne-
Jones, 2007). Руни (2008) атап өткендей, адамдар көп ұзамай сандар
арасындағы заңдылықтар мен оларға тән қасиеттердің таңқаларлық
екенін байқай бастады. Мысалы, екі таңбалы санды он бірге көбейту
үшін санның екі таңбасын бір-біріне қосып, (нәтиже оннан кіші болуы
керек) нәтижені көбейтілетін санның ортасына қойыңыз: 63 × 11 = 693
(6 + 3 = 9; 9 саны 6 мен 3-тің арасына қойылады).
Математика пәнінің үздік мұғалімдері бөлу мен бөлшек ұғым
-
дарының негізін терең игерген. Таяуда жүргізілген зерттеулер
бойынша, осы математикалық операцияларға қатысты баланың
10 жастағы түсінігі математиканы болашақта да қалай меңгереті
-
нінен хабар береді екен (Maddern, 2012). Білім беру стандарттары
басқармасы (2009) білім берудегі олқылықтарды түзеу үшін гео
-
метрияны білу, сондай-ақ қолданылып жүрген «санды онға көбей
-
ту дегеніміз оған нөл қосу» деген сияқты пайдасыз ережелерді, қате
түсініктерді анықтаудың маңызды екеніне қысқа-қысқа мысалдар
келтіреді. Білім беру стандарттары басқармасы (2011d) үздік 20 мек
-
теп үлгісі арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |