Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
259
ғылымға деген қызығушылықтың қалай туындайтынынан, жаңалық
-
тардың қалай ашылғанын елестету үшін ғалымдар мен өнертапқыштар
жайында әңгімелеуге болады: мысалы, Солтүстік ирландиялық Джон
Бойд Данлоп (Dunlop Tyre компаниясының негізін қалаушы), Сэр Ханс
Слоун (коллекциясы Британ мұражайының негізін қалаған) және Мэри
Уорд (ерлер арасында өз атын қалдыруға тырысқан тұңғыш ғалым
әйел, өкінішке қарай, ол автокөлік апатынан алғаш қаза болған адам)
туралы (Garvin and O’Rawe, 1993).
Ғылым табиғатынан дәл әрі нақты фактілерге негізделеді, сондай-
ақ шарттылық пен зертеушілік сипатқа ие (Howe
et al.,
2005). Ғылым
-
ның шегі жаңалық ашылған сайын қайта қаралып отырады. Ғалымдар
-
дың барлығы біркелкі жұмыс істемейді, сондықтан денсаулық сақтау,
технология және қоршаған ортаның өзгеруіне қатысты көптеген мә
-
селелер бойынша олардың бір пікірге келуі екіталай. Оны ғылымдағы
жаңалықтардан көріп жүрміз. Бастауыш сыныптарда балаларға белгілі
ғалымдардың өмірі туралы әңгімелеу теорияның қалай пайда болаты
-
нын, оның қалай қолдауға немесе жоққа шығаруға тырысатын пікір
-
лер тудыратынын түсінуге көмектеседі.
Балаларға ғылымның этикалық жағы туралы ойлануға көп мүм
-
кіндік беріледі, айталық кит аулауға қатысты этика, адам мүддесі үшін
жануарлармен тәжірибе жасау және жануарлар етін жеу
соның мыса
-
лы (Reiss, 2008). Сыныпта жануарларды пайдаланудың (шығын, ден
-
саулыққа зиян келтіру және мораль негізінде) азаюы балалар арасын
-
да, жалпы қоғамда пікірталас тууына тағы бір себеп тудырып отыр.
Сениор және басқалар (2008) жануарларды сыныпқа әкелуге шектеу
қою, осы құнды әрі ынталандырушы ресурсты төмендетіп алмау керек
екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: