6.5-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ: САНАУ ДАҒДЫЛАРЫ Санау дағдылары термині алғаш рет Кроутер баяндамасында (1959) сауатты-
лық айнасын көрсету үшін және 6-сынып оқушыларының мәселелерді шешуін
зерттеуде қолданылды. Содан бері санау дағдылары сандар мен көрсеткіш-
терді сенімді сипаттайтын термин ретінде қолданылып келеді. Санау дағдыла-
ры қалыптасқан оқушылар сандық ақпаратты өңдеуге, ой бөлісуге және түсін-
діруге қабілетті болуы керек (Askew
et al. , 1997). Санау дағдыларын меңгеру
ұғымы сандардың бір-бірімен байланысын білу мен мәселені шешуге қажетті
дағдыларды игеруде «сандармен қоян-қолтық араласу» ретінде сипатталады
(Lacey, 1998).
Санау дағдыларын оқытуға қатысты түрлі көзқарастарды зерттеу
«коннекционист» нанымын ұстанған ұстаздардың оқушылары үлкен
жетістіктерге жеткенін анықтады (Askew
et al., 1997). Коннекционис
-
тер математикада байланыс орнатуға баса назар аударатын, оқушы
-
лардың әдістері мен оқу стратегиясын бағалайтын мұғалім ретінде си
-
патталды. Мысалы, олар қағаз бен қарындаштан гөрі менталды ариф
-
метикаға немесе практикалық әдістерге, сондай-ақ дербес әрекетшіл
-
дікке негізделген бірлескен жұмысқа баса мән берді. Мұндай байла
-
ныс математиканы оқытуды бақылау және талқылау құралы ретінде
Роуланд және басқалар (2009) ұсынған білім квартеті моделіндегі төрт
элементтің бірі болып саналады. 6.3-сызбада білім квартетіндегі әр өл
-
шемді көрсететін бірнеше мысал ғана қамтылған.
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
257