Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет219/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

«әділ тест»
сияқты терминдердің мағынасын түсінбейді 
(AKSIS, 1998) 6.7-кестеде әртүрлі зерттеу үлгілері ұсынылған. 
6.7-КЕСТЕ.
Ғылыми-зерттеу дағдылары 
Зерттеу
Мысалдар
Әділ тестілеу.
Айнымалылар 
арасындағы қатынасты бақылау 
және зерттеу
■ Қанттың еру жылдамдығына не әсер 
етеді? 
■ Ең мықты қағаз пакет қайсысы? 
■ Жақсы жаңбыр жамылғысын қандай ма-
териалдан жасайды? 
■ Ең баяу түсетін парашют қайсысы? 
■ Ең мықты қағаз қайсысы? 
■ Қандай температурадағы су желені тез 
ерітеді? 
Жіктеу және сәйкестендіру.
Жік-
теу дегеніміз – құбылыстардың 
кең ауқымын сұрыптау үдерісі; 
сәйкестендіру – бұл нысандар 
мен оқиғаларды белгілі бір жиын-
тықтың бөлігі ретінде қарастыру 
үдерісі
■ Бұл қандай химиялық элемент? 
■ Мына омыртқасыздарды қалай топтас-
тыруға болады? 
Үлгіні іздеу. 
Табиғи құбылыстар-
ды байқау, тіркеу немесе зерттеу
содан кейін олардың нәтижесінен 
үлгілерді іздеу
■ Ұлуларды қайдан табуға болады? 
■ Аяғы ұзын адамдар жақсы секіреді ме? 
■ Әртүрлі жерлерде кездесетін жапырақ-
тардың тазалығында айырмашылық бар 
ма? 
■ Биіктік пен бойы жетудің арасында бай-
ланыс бар ма? 
Зерттеу.
Нысандарды неме-
се оқиғаларды мұқият бақылау 
немесе уақыт өте келе пайда 
болатын табиғи құбылыстарды 
бақылау
■ Бақаның уылдырығы қалай өсіп жетіле-
ді? 
■ Әртүрлі сұйықтықтар бір-біріне қосыл-
ғанда не болады? 
Зерттеу модельдері
. Модель-
дерді қарастыратын зерттеулер
модельді тексеру үшін оқушылар 
қандай дәлелдер жинауы керек 
екенін шешетін кезеңді қамтиды
■ Оқшаулағыш материалдар арқылы сал-
қындату қалай жүреді?
Ойлап табу.
Әдетте технология-
лық сипаттағы заттарды жасау
■ Күзет дабылының батырмасын ауыс-
тырып, қайта жобалау жолын көрсете 
аласыз ба? 
Дереккөз: 
AKSIS (1998) рұқсатымен басылды.


Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
263
Балалардың дербес зерттеу жүргізуі міндетті емес. Кейде мұғалім
-
дердің көрсеткен материалдары немесе сырттай бақылауға арналған 
серуендер жаңа идеяларды мәжбүрлі түрде тудыруға себеп болуы мүм
-
кін. Оқу тәжірибесін нық орнатуға көрсетілетін материалдың тартым
-
дылығы мен аудиторияның оған ден қоюының маңызы зор. 
Сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру тиімді ғылыми ізденістің 
маңызды бөлігі саналады. Балалар сұрақтарының дұрыс қабылданға
-
нын сезінуі керек. Ол үшін мұғалімдер сұрақ қораптарын немесе сұрақ 
қабырғаларын пайдаланып, сыныпта талқыланатын мәселелерді са
-
лыстырады, маңыздылығы бойынша екшейді. Балалар қалай зерттеу 
жүргізетіндерін ойластырмастан бұрын, алдымен мекендейтін жерле
-
рі, тіршілік ету циклдері секілді белгілі бір өлшемдер бойынша сұрақ
-
тарды сұрыптай алады. 
Мұғалімдер мүмкіндігінше оқушылардың мектептен тыс орын
-
дарда, мысалы, ғылыми мұражайлар, жабайы табиғат қоры, сулы-бат
-
пақты орталықтар, қала фермалары, супермаркеттер, саябақтар және 
Ұлттық қор иелігіндегі жерлерге бару кезінде жинақтаған ғылыми 
тәжірибесі мен пайымдауларына ықпал етуге тырысуы керек (6.7-қо
-
сымша). Бұл оқушыларға суретке түсіруге, тірі тіршілік иелерін тама
-
шалауға, жапырақтар, бүршіктер мен тастар жинауға, оларды өлшеуге, 
іріктеуге және жіктеуге үлкен мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет