Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Жаратылыстануды оқытудың озық тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет220/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Жаратылыстануды оқытудың озық тәжірибесі
Жалпы жаратылыстануды оқытудың озық үлгісі белгілі бір қар
-
қын, қиындықтар және балалармен тиімді кері байланыс арқылы 
сипатталады (Harlen, 2006). Үздік тәжірибе мұғалімнің балаларға өз 
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беру арқылы олардың тәжірибе
-
сімен байланыс орнату, олардың бойында зерттеушілік дағдыларды 
және балама көзқарастарды қалыптастыру. Танымал стратегия ретін
-
де балаларды ғылыми мәселеге қатысты мультфильм кейіпкерлерінің 
әртүрлі көзқарастарымен таныстыратын белгілі бір идеяға құрылған 
мультфильмдер қолданылады. Көп жағдайда «дұрыс» және «бұрыс» 
деген жауаптар болмаса да, балалар топтарында кіммен және неліктен 
келісетінін талқылайды (Naylor and Keogh, 2000). Нағыз ғылыми ізде
-
ніс түрлі сұрақтар тудырады, қателіктерге ұрындырады (мысалы, де
-
ректерді дұрыс есептемеу), кейде басқаша ойлауды қажет етеді. Мате
-
матиканы оқыту секілді жаратылыстануды оқыту да сәтті жүргізілген 
жағдайда, оқушылардың өз өмір тәжірибесіне қатысты зерттеу жүргі
-
зуге ықыласы ауады. Басты қиындықтың бірі – мұғалімнің қосар үле
-
сі мен оқушы ізденісі арасындағы теңгерімді сақтау. Үздік мұғалімдер


Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
264
практикалық жұмыстарға аса көп мән бермейді, олар оқушыларға шын 
мәнінде өз зерттеу жұмыстарын жоспарлауына және жүргізуіне мүм
-
кіндік беруге тырысады. Сөйтіп, кейде балалар өзінің бұрынғы көзқа
-
растарын өзгерту керек екенін түсініп жатады. Мұғалімдер оқу бағдар
-
ламасын ысырып қойып, ойын арқылы оқытуды ерте балалық шақпен 
шектеп тастайды. Ғылыми ізденістің барлық деңгейінде зерттеу ойы
-
ны маңызды қызмет атқарады. 
Математикадағыдай жаратылыстану пәнінің үздік мұғалімдері 
пәнді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстырып, қызықты 
материалдар арқылы ынталандырады (6.7-қосымша). «Primary Science 
Review» журналының редакциялық алқасы ғылыми зерттеу жүргізу
-
ге қызықтыратын әрі ынталандыратын «Топ-20» іс-шараны жария
-
лады, олар: бақбақ парашюттар, қабырғаға көгерген нан жабыстыру,
«Special K» үлпегінен темірді табу, қағаз қыстырғышымен арбайтын 
жылан (PSR, 2007). Мұғалімдер балаларды жастайынан жауаптарын 
байыппен түсіндіруге және айтатын ойын дәлелдеуге үйрете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет