Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет230/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

АКТ, қоғам және білім беру 
«Технология» сөзінің шығу төркіні оның табиғатын түсінуге кө
-
мектеседі. Ол іскерлік, өнер немесе шеберлік 
(techne)
және бір нәрсені 
пайымдау 
(logia)
деген мағынаны білдіретін біріккен грек сөздерінен 
шыққан. Адамзатқа тән қасиеттің бірі – белгілі бір мәселені шешу үшін 
7.1-КЕСТЕ.
Әр буын өкілдері және АКТ
Буын
Туған кезеңі
Мінездемесі/құндылықтары
Z немесе Net 
буыны
1995–
Олардың өмірімен толық кіріктірілген 
технологиялар
Y буыны
1976–94
Алдыңғылар толығымен электронды 
буын; достар = отбасы
X буыны
1965–75
Технологияны қолданады, бірақ қабыл-
дамайды; ұялы телефоннан гөрі ДК-ді 
көріп өскен; дос = отбасы емес
Бэби-бумерлер
1946–64
Оптимизм, тұлға ретінде өсу
Сабырлы буын
1922–45
Көнбістік пен құрбандық
Дереккөз:
Lichy-ге негізделген (2012) 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
274
құрал жасай алуы. Компьютер, лазер және электр құрылғыларының 
бәрі де ата-бабаларымыз жасаған қарапайым құралдардан бастау ала
-
ды. Мысалы, ежелгі портативті жазу жүйесі папирус қазіргі планшетті 
ойлап табуға негіз болды. Сондай-ақ XV ғасырдағы баспа құрылғыла
-
рының ықпалы мен интернеттің дамуы арасында да ұқсастықтар жоқ 
емес. Екеуі де ақысыз ақпараттың шектен тыс ағынына әкелді. Баспа 
ісін ойлап тапқан Иоганн Гутенберг құрметіне Гутенберг жобасы атан
-
ған жоба алғашқы болып ақысыз электронды кітаптар шығарды, қазір 
42 000 классикалық мәтін ұсынуда (www.gutenberg.org). Cha.Cha.com 
уеб-сайты әртүрлі тақырыптарды қамтитын миллиардтан аса сұраққа 
жауап береді (www.chacha.com). 7.2-кестеде көрсетілген оқиғалар білім 
алу мен оны бөлісу және оның әрекет ету тәсілдерін өзгертті. 
Технологияны тек кең ауқымды әлеуметтік және мәдени контексте 
ғана түсінуге болады. Мысалы, интернет пернетақтадан, қос процессор
-
дан, мыс сымдардан және қосылуға мүмкіндік беретін бағдарламалық 
жасақтамадан да маңызды. Ол адамдардың айналысатын онлайн іс-ша
-
ралары мен олардың жинақтаған және бөлісетін білімдерін қамтиды. 
Әлемдегі халықтың үштен бір бөлігі қазір желіде. Көптеген елде бала
-
лар мектепте немесе ата-аналарымен уақыт өткізгеннен гөрі, көп уақы
-
тын интернетте бір-бірімен хат алмасып, теледидар көріп, видео ойын 
ойнап өткізеді (Common Sense Media, 2011). Соңғы онжылдықта бүкіл 
әлемдегі балалардың өмірінде технология қозғаушы күшке айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет