7.2-КЕСТЕ.
АКТ саласындағы басты жетістіктер
Негізін қалаушы
Өнертабыс
Уақыты
Рэймонд Томлинсон
Email
1971
Стив Джобс, Стив Возняк
және Рональд Уэйн
Алғашқы Apple компьютері
1976
Уильям (Билл) Гейтс
Microsoft операциялық жүйелері
1981
Тим Бернерс-Ли
Ғаламтор
1990
IBM
Алғашқы смартфон
1992
Беверли Хиллз Интернет
(BHI)
Алғашқы әлеуметтік медиа сайттары –
Geocities
1994
Джефф Безос
Интернет дүкендер, мысалы: Amazon,
eBay
1995
Лоуренс Пейдж
Google
1998
Джимми Суейлс
Уикипедия
2001
Марк Цукерберг
Facebook
2004
Стив Чен, Чед Херли
және Джавед Карим
You Tube
2005
Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
275
Технология жылдамдығы, икемділігі және қолжетімділігі арқасында
ауқаттылық пен жұпынылық арасындағы цифрлық алшақтық айтар
-
лықтай азайды. Поурдың (2013) көрсетуінше,
цифрлық алшақтық
меншік формасы емес, пайдалану формасы арасында артып барады.
ОЙТҮРТКІ
7.2-кестедегі жаңалықтар сіздің кәсіби және жеке өміріңізге, жалпы қоғамға
қандай өзгерістер әкелгенін қарастырыңыз. Бұлар болмағанда өмір қандай
болар еді?
АКТ-ның балаларға үй жағдайында қолжетімді болуына әлеумет
-
тік-экономикалық келеңсіздіктердің кері әсер ететіні күрделі мәселе
болып отыр. Ofcom (2012) мәліметіне сәйкес, 5–15 жас аралығындағы
он баланың тоғызының үйінде компьютер/ноутбук арқылы интернет
-
ке қосылуға мүмкіндігі бар. Алайда мектепке келгендегі балалардың
технологияларды қолдану тәжірибесі әртүрлі. Өйткені дәстүрлі оқы
-
лым мен жазылымдағы секілді олардың цифрлық сауаттылық бойын
-
ша біліктілігі айтарлықтай өзгешеленеді. Үй жағдайында АКТ құралда
-
ры болуы мүмкін, бірақ бұл оны отбасы мүшелерінің бәрі қолданады
деген сөз емес. Егер бала мектепте немесе қоғамдық кітапханада құрал
-
ды пайдалана алатын болса, оның өзіне тиесілі құралының болмауы
оны АКТ-ға қолжетімді етпейді дегенді білдірмейді. Личи (2011) «екін
-
ші деңгейдегі цифрлық алшақтықтың» өріс алуына сілтеме жасай оты
-
рып, онда балалар мен жастардың технологияларды қолдануы үздіксіз
үдерісте жақсы көрінетінін және оған түрлі көзқарастар, дағдылар, қол
-
жетімділік сапасы мен әлеуметтік қолдау әсер ететінін көрсетеді.
Бала дүниеге келмей-ақ ана құрсағында сканерленіп, суретке түс
-
кеннен бастап технологиялар құрсауында қалады. Олар күнделікті
өмірде ұялы телефон, ноутбук, кассалық аппарат, микротолқынды пеш
және штрих-код сынды заттарды қолдануға мәжбүр. Мұғалім оқушы
-
ның күнделікті қолданатын технологиялар туралы білімін мынадай
жолдармен арттыра алады:
компьютерлік ои�ыншық, микротолқынды пеш, теледидар сияқты
тауарлар каталогын құрастырып көрсетуге (бұрынғы каталогтарды
кеи�інгі өзгерістермен салыстыруға) болады;
мектепте ескі телефон, беи�немагнитофон, магнитофон үлгілерімен
және басқалар таныстыратын технологиялық мұражаи� ұи�ымдасты
-
ру;
үи� немесе мектеп жоспарында технологиялық құрылғылар мен жаб
-
дықтардың орналасуын көрсету;
Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
276
технологияларды қалаи� паи�далану керектігін талқылау үшін супер
-
маркеттерге, жергілікті бизнес-парктерге, мұражаи�ларға, галерея
-
ларға, сауда нүктелеріне, ғылыми орталықтарға, газет кеңселеріне
немесе радиостанцияларға баруды ұи�ымдастыру;
бірқатар технологияларды қолдануды модельдеу;
«Егер... болмаса» сценарии�і арқылы, мысалы, «Егер бір апта бои�ы те
-
ледидар болмаса не болады?» немесе «Егер компьютерлер болмаса
не болады?» деп технологияны қолдануға балама нұсқаларды тал
-
қылау.
Кейбір электронды элементтермен байланысты АКТ деңгейі ере
-
сек адамдар стандарттарына сәйкес минималды болғанымен, түймені
басу немесе ойыншықтың денесін қысу АКТ үшін интерактивтілік түсі
-
нігінің маңызды екенін көрсетеді (Becta, 2005).
Балалар мен жасөспірімдердің технологияны сабақтан тыс уақыт
-
та пайдалануы көбіне АКТ сабақтарындағы жағдайдан өзгеше болады.
Уақыты келгенде балалар сүрініп, қателесіп, бауырлары мен достары
-
ның, ересектердің дер кезінде айтқан ақылын тыңдай жүріп, техноло
-
гияларды меңгереді (Facer, 2011). 2001 жылы Доктор Сугата Митраның
Нью-Делидегі кедей аудандар балаларымен жүргізген жобасы ком-
пьютерді өздігінен үйренген балалардың желідегі ойындарды ойнау
-
дан жоғары деңгей көрсеткенін анықтаған (www.hole-in-the-wall.com).
Мектепте АКТ-ны үйрету көбіне бақыланып, формалды түрде мұғалім
-
нің басшылығымен жүргізіледі. Мұғалім міндеті – балалардың бейрес
-
ми біліміне, технологиялар арқылы ойнай алатын, байланыс жасай ала
-
тын біліміне қалай арқа сүйеуге болатынын ойластыру. Қарапайым тіл
-
мен айтсақ, қазір балалар мен жастар арасында кең таралған виртуалды
әлем, әлеуметтік медиа және мәтіндік хабарлама сияқты жұмыстармен
мектеп қалай айналысуы керек?
Мұғалімдерге ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындауды қайта
қарастыру қажеттігі
«Сіз білесіз бе?»
деп аталатын 4 минуттық слайд-
шоуда жақсы көрсетілген.
«Shift Happens»
ойынының авторы амери
-
калық оқытушы Карл Фиш. Ол технология мен
жаһандану
әсерінен
қандай күрт өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Алғаш америкалық
орта мектепте көрсетілген соң, дүние жүзінің 20 миллионнан астам
әлемдік аудиториясына ұсынылды, әртүрлі елдерге бейімделді. Ғажа
-
йып слайдтар ішінде: «біз әзірге қандай екенін білмейтін мәселелерді
шешу үшін әлі ойлап табылмаған технологияларды қолдана отырып,
студенттерді әзірше жоқ жұмыстарына дайындаймыз» деген сөздер
бар (Нұсқа 6, 2012; www.shifthappens.wikispaces.com). Жаңа техника
-
лық ақпарат көлемі жыл сайын екі есеге артуда. Пательдің (2013) мә
-
ліметтеріне қарағанда, 1984 жылы 1 000 интернет құрылғысы болған,
Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
277
1992 жылы миллионға, ал 2008 жылы миллиардқа жеткен. Бүкіләлем
-
дік желілік технологиялар көшбасшысы Cisco 2016 жылы олардың саны
3,4 миллиардқа жетеді деп есептеді. «Жаңа білім беру экологиясы» пай
-
да болады, сөйтіп мектептер жойылып, олардың орнын оқу қауымдас
-
тықтары басады (Facer, 2011). Бұл радикалды болып көрінгенімен, «Бә
-
рін үйрететін мектеп» сияқты жаңа жоба физикалық мектепсіз-ақ, оқу
бағдарламасынсыз-ақ, оқушылар мен мұғалімдердің басын бір алаңда
қосуға ұмтылады (www.schoolofeverything.com). Интернеттің демок
-
ратиялануы «халық мұғалімдерінің» қатарын арттырды (Facer, 2011).
Олар YouTube сияқты уеб-сайттарда Powerpoint-та таймерді қалай қою
-
ға болады немесе смарт-тақтаны қолданудың тиімді әдістері секілді тә
-
жірибелерін қысқа бейнелер түрінде ұсынады.
Егер мұғалім
Достарыңызбен бөлісу: |