Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
278
АКТ және оқу бағдарламасы
1980-жылдардың басында мектептерде компьютер пайда болған
-
нан бері білім беруді түрлендірудегі АКТ-ның «әлеуеті» мойындала
бастады (Barron and Curnow, 1979; HMI, 1985). Бір кездері ақпараттық
технологиялар (IT) термині ақпаратты өңдейтін бейнемагнитофон,
калькулятор, телефон секілді кез келген машинаға қатысты қолданыл
-
ғанымен, негізінде жаңа заманауи компьютерлерге
қатысты қолдан
-
ған орынды (7.1-қосымша). «Балалар компьютер қолданады»
(Children
Using Computers)
атты жаңашыл кітабында Анита Штрейкер (1989: 7)
ХХІ ғасырда цифрлық педагогиканың дамуында әлі де құнын жоймаған
маңызды мәселелерді көтерді:
Балалар жасауға және үи�ренуге тұрарлық нәрсені жасап, үи�рене ме?
Компьютерді паи�далану – оны үи�рену мен білудің ең тиімді жолы ма?
Бұл машинаны ең ақылға қонымды әрі жедел паи�далану ма?
Стрейкер балалар компьютерді проблемаларды шешу және зерттеу
дағдыларын дамыту үшін, бағдарламаларды жобалау, тарихи деректер
-
ді өңдеу, ғылыми эксперименттерді бақылау, математикалық есептеу
-
лер жүргізу және бірнәрсе жазу үшін қолдану секілді көптеген мысал
-
дарға тоқталды.
Соңғы онжылдықтар ішінде Біріккен Корольдіктегі бірінен кейін
бірі ауысқан үкімет оқу бағдарламасына
енген АКТ-ны дамытуға ай
-
тарлықтай қаражат жұмсағанына күмән жоқ. 1997–2009 жылдар ара
-
лығында АКТ-ны қамтамасыз етуге шамамен 5 миллиард фунт жұм
-
салды. Лейбористік үкімет дәуіріндегі мемлекеттік саясат мектептерді
технологиямен қамтамасыз етуді қолдады және электронды оқыту не
-
сиелері, интернет арқылы оқу бағдарламалары және үйде қолжетімді
ету сияқты бірнеше бастаманы қаржыландырды (Syscap, 2013). Коали
-
ция үкіметі мектептер өз АКТ стратегияларын және енгізу жоспарын
құрады деп күтуде. Алайда ол мектептерді әр пән мен кезең бойынша
кең жолақты қызметпен, оқу және оқыту ресурстарымен қамтамасыз
ететін Ұлттық білім беру желісін (NEN) қолдады (www.nen.gov.uk). Мы
-
салы, Оңтүстік-шығыс оқу желісі секілді
өңірлік консорциум осымен
байланысты (www.segfl.org.uk). 2012 жылы Солтүстік Ирландия өзінің
350 000 оқытушы, студенттерін Еуропаның алғашқы
Education Cloud
алаңына қолжетімді ету үшін бес жылдық жоспар ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: