7.1-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ: АТ, АКТ, ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА АT және АКТ арасындағы айырмашылық ағылшын тілі мен сауат ашу ара-
сындағы айырмашылық сияқты. АТ компьютер арқылы ақпарат өңдеумен
байланыстырылады, әлі күнге дейін іскерлік ортада қолданылады, бірақ
90-жылдардан бастап коммуникацияның электронды пошта, интернет, спут-
ник және ұялы телефондар арқылы дамуын көрсету үшін, негізінен, АКТ-мен
алмастырылды. Практикада терминдер бір-бірінің орнына қолданылып жүр.
Электронды оқудың интернетке негізделген оқу, уеб-нұсқаулық және онлайн-
оқу секілді көптеген атауы мен анықтамалары бар. Негізінен, бұл терминдер-
дің бәрі оқу тәжірибесін қалыптастыру үшін уеб және интернет технологияла-
рын қолдануды білдіреді (Horton and Horton, 2003). Информатика «компьютер-
лік жүйелер қалай жұмыс істейтінін, олардың қалай жобаланатынын, бағдар-
ламаланатынын және ақпарат пен есептеудің негізгі қағидаларын түсіндіреді»
(BCS and Royal Academy of Engineering, 2012: 1).