Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
288
Экранды медианың айтарлықтай ықпалына түсетін – балалар.
Сигманның (2012) көрсетуінше, орта есеппен алғанда, бала 7 жасында
экранды медианың жылдық баламасын көріп тастайды, ал 18 жасқа қа
-
рай бұл көрсеткіш 4 жылға дейін артады. Интеллектуалдық тұрғыдан
алғанда, бұл балалардың шығармашылығын, тілі мен қиялын шектеуі
мүмкін деген күдік бар. Сондай-ақ олар оқшаулану, өзін пайдалану және
мұғалімдермен қарым-қатынастың әлсіреуі нәтижесінде балалар әлеу
-
меттік және эмоциялық дағдарысқа ұшырайды деп көрсетеді. Физика
-
лық қауіпке көру қабілетіне салмақ түсу, семіздік, ұзақ отырумен байла
-
нысты бұлшықет ауыруын жатқызуға болады. Сигман экранға тәуелді
-
лік пен алкоголь, есірткіге тәуелділік арасындағы ұқсастықтарды көр
-
сетеді. Шамадан тыс компьютерлік ойындар белгілі бір затқа тәуелділік
сияқты мидың сыйақы жүйесін зақымдайды (Sigman, 2012). Ол кішкен
-
тай балалар өз виртуал әлемінде байланыссыз қалатындықтан, «пассив
тәрбиенің» қауіпті екенін ескертеді (Pelling, 2012). Сондай-ақ киберша
-
буыл, зорлық-зомбылық видео ойындары мен интернеттегі порногра
-
фия ықпалынан моральдық мәселелер туындайды (Cordes and Miller,
2000). Индустриялық революция кезінде Нед Лудтың (луддиттердің) із
-
басарлары өз жұмысына және өмір салтына қауіп төндіретін зауыт тех
-
никаларын жойды (бұл әрекеттерінің дұрыс екені дәлелденді). Қазіргі
кезде цифрлық немесе нео-луддиттер электрондық поштаның шамадан
тыс жүктелуіне, ұялы телефондардың ойды бөлуіне, студенттердің де
-
реу википедия мен google-ге жүгінуіне және бақылау технологиялары
-
ның қол сұғушылығына деген барлық наразылықтарды сипаттайтын
сөзге айналды. Цифрлық азаматтық – бұл балаларды, жастар мен мұға
-
лімдерді технологияның өз өмірі мен жалпы қоғамдағы рөліне қатысты
тең дәрежедегі негізделген шешім қабылдай алатындай етіп тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: