Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет245/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

7.6-КЕСТЕ. 
Интернеттегі әрекеттерге қатысты мифтер
Миф
Зерттеу деректері
Цифрлық або-
ригендер бәрін 
біледі
9–16 жастағы балалардың тек 36 пайызы ғана интернет ту-
ралы ата-аналарына қарағанда көбірек білетінін растайды. 
Бұл миф балалардың цифрлық дағдыларын дамытуға деген 
қажеттілігін бүркемелеп отыр. 
Әрқайсысы өз 
контентін құрай-
ды
Жақында бес баланың біреуі ғана файл алмасу сайтын пай-
даланды немесе аватарын жасады, ал олардың жартысы 
блог жүргізеді. Көп бала интернетті дайын контент үшін пай-
даланады. 
13 жасқа дейінгі 
балалар әлеумет-
тік желілерді қол-
дана алмайды
Сайттардың көпшілігі (соның ішінде Facebook) пайдалану-
шыларының жасы он үштен жоғары болуы керек екенін 
көрсеткенімен, сауалнама нәтижелері жас шектеулері жұмыс 
істемейтінін, 9–12 жастағы балалардың 38 пайызы әлеумет-
тік желілерді пайдаланатынын анықтады. Кейбіреулердің 
пікірінше, жас шектеулері адалдық пен қорғану әрекеттерін 
орындау үшін жойылуы керек. 
Бәрі интернетте 
порнография кө-
реді
Әрбір жетінші бала интернеттен сексуалды суреттер көреді. 
Мәліметтер төмендетіліп берілді десек те, бұл әңгіме бұқара-
лық ақпарат құралдарында дүрбелең туғызды. 
Буллинг – бұл зұ-
лымдық
Зерттеу көрсеткендей, қорлаушылардың 60 пайызы (онлайн 
немесе офлайн) өздері де зәбір көрген. Қорлық көрсетуші-
лер мен құрбандар көбіне бір адам. 
Интернетте кез-
десетін адамдар 
бейтаныс
Интернеттегі байланыстардың көпшілігі – балалар білетін 
адамдар. Онлайн танысқандардың 9 пайызы кейін офлайн 
кездескен және кездесуге жалғыз бармаған, тек 1 пайызы 
ғана жайсыз жағдайға тап болған. 
Офлайн келеңсіз-
діктер онлайнға 
ауысады
Мұны толыққанды шындық деуге болмайды. Офлайн ре-
жимде бір нәрсеге ұрынып жүретін балалар интернет ар-
қылы да келеңсіздіктерге душар болуға дайын тұрады. Aл 
офлайн режимде өміріне қауіп төну ықтималдығы төмен 
болғандар онлайн режимде де қорғалады деуге болмайды. 
ДК-ні қонақ бөл-
меге қою көмек-
теседі
Балаларға досының үйінде немесе смартфон арқылы ин-
тернетке кіру түк емес, сондықтан бұл кеңес ескірген. Ата-
аналар өз балаларымен олардың интернет әдеттері туралы 
сөйлескені дұрыс немесе қандай да бір онлайн әрекеттерді 
бірлесіп істегені жөн. 
Цифрлық дағды-
ларды оқыту он-
лайн қауіп-қатер-
ді төмендетеді
Шын мәнінде, баланың цифрлық дағдылары неғұрлым же-
тілген болса, соғұрлым оның ғаламтордағы тәжірибесі ке-
ңейіп, қауіп-қатер соғұрлым жоғары болады. Дағдылардың 
жеткілікті болуы тәуекелге барудан туатын қауіп-қатердің 
алдын алады. 
Балалар қауіпсіз-
дік бағдарлама-
лық жасақтама-
сын айналып өтуі 
мүмкін
Шын мәнінде, 11–16 жастағы балалардың үштен бірінен азы 
сүзгі параметрлерін өзгерте алады. Көпшілігі ата-аналары-
ның интернеттегі жұмысына шектеу қойғанының пайдасы 
бар деп санайды. 
Дереккөз
: Livingstone et al. (2011) 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
291
Жергілікті билік мектептерге мобильді технологияларды пайда
-
лану мен деректерді «бұлтта» сақтау мәселелері сияқты технология
-
лардағы өзгерістерді ескеру үшін үнемі жаңартылып отыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет