Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
302
(Plester
et al.,
2008). Наффильд қорының зерттеулері мәтіндік хабарла
-
малар балалардың жазбаша немесе ауызша ағылшын тілін түсінуіне
нұқсан келтірмейді, өйткені олар контекстке сәйкес бейімделе алады
деп тұжырымдайды. Алайда бастауыш сынып оқушыларының хабарла
-
маларында тыныс белгілерінен жіберетін қателері мен сөздерді дұрыс
жазу қабілеті арасында байланыс бар. Мәтіндік хабарламаларда тыныс
белгілерінен аз қате жіберетіндер, көп қате жібергендерге қарағанда
емле мен жазуды тез үйренеді (Smith, 2012). Мұнымен бәрі келісе бер
-
мейді. Жетекші автор Терри Пратчеттің пікірінше, тілдегі дауыссыздар
-
дың жартысын қолданбай мәтін жазу балалардың сөздік қорын шек
-
тейді және нашар мінез-құлыққа итермелейді (Foster, 2012).
Күн өткен сайын әлемде әлеуметтік желіні білім беру құралы ре
-
тінде қолданатын мектептер саны артуда. Көбіне олар мыналарды да
-
мытуды көздейді:
оқуға деген оң көзқарас;
танымдық дағдылар, мысалы, үлгіні анықтау, идеяларды синтездеу,
викилердің көмегімен ақпаратты түсіну және бағалау;
техникалық ноу-хау, мысалы, суреттерді жүктеу, паи�даланушы атын
ои�лап табу, профильді басқару;
ұи�ымдастырушылық және коммуникациялық дағдылар, мысалы,
жұмыстар тізімі мен басқа да онлаи�н құжаттар арқылы маңыздылық
дәрежесі анықталған жұмысты әртүрлі аудиторияға ұсыну;
Достарыңызбен бөлісу: