Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


-ҚОСЫМША. ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСАЙЫҚ



Pdf көрінісі
бет250/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

7.2-ҚОСЫМША. ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСАЙЫҚ
Солтүстік Ирландия инспекциясы ұсынған үздік сабақтың екі үлгісін келтірейік 
(ETI, 2006: 11): 
Интерактивті тақта 1-сыныпта аса тиімді қолданылды. Мұғалім балалар-
дың бастапқы дыбыстар туралы түсінігін бекітіп, оларға бас әріп пен кіші әріп-
терді ажыратуды үйретті. Мұғалім әзірлеген бағдарлама бейнелеп айтқанда 
«Джунгли» тақырыбымен байланысты болды. Балалар экрандағы графикалық 
бейнелермен белгілі бір әрекеттер істейді, содан кейін бас және кіші әріп-
терге сәйкес келтіру үшін сызықтарды бір-бірімен қосады. Сабақ шамамен
40 минутқа созылады, балалар, әсіресе ұлдар сабақ бойы жұмыс істейді, 
олар әрлі-берлі қозғалған стимулдарға жауап қайтарады және экранда өз 
жетістіктерін қуана жазып отырады. Мұғалімнің оқыту үдерісін тамаша бас-
қаруы, сондай-ақ интерактивті тақтаны тиімді қолдану сабақтың жақсы өтуін 
қамтамасыз етті. 
5-сыныпта мұғалім PowerPoint презентациясын қолдана отырып, жараты-
лыстану пәнінен «энергия көздері» деген тақырыпта сабақ өтті. Балалардың 
бір тобы әртүрлі заттардың бетінде доптың қаншалықты жоғары секіретінін 
анықтау үшін практикалық зерттеу жүргізді. Топ уеб-камераны пайдаланып, 
доптың қаншалықты секіргенін жазып алып отырды. Олар бейнежазбаны қай-
та қойып, доптың биіктігін жоғары траекториядан дәл өлшеу үшін «стоп кадр-
ды» қолданды. 
ОЙТҮРТКІ 
Озық тәжірибемен танысып, айтылған үздік оқытудың екі үлгісіне назар ауда-
рыңыз (7.2-қосымша). Бұлар қазір де керемет деп санала ма? Басқа пәндер-
ден гөрі АКТ-ны оқытуда жоғары бағаға ие болу қиынырақ па? 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
300
кескіндеуді (мыс., Brushes), географияны (мыс., Google Earth,) ғылымды 
(мыс., Star Walk), фильм өңдеуді (мыс., iMovie), мәтінді өңдеуді (мыс., 
Pages), музыканы (мыс., Garage Band), және баспа жұмысын (мыс., Book 
Creator); iTunesU секілді әлемдегі ең үлкен тегін интернет-кітапхананы 
келтіруге болады.
Планшетпен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру айқын кедер
-
гі болып отыр. Келесі кедергілер басқару, қауіпсіздік мәселелері мен 
мұғалімдердің хабардар болмауына байланысты туындауда, мысалы, 
бастауыш мектеп мұғалімдерінің үштен бірінен көбі қосымшалар ту
-
ралы білмейді (BESA, 2012). Техникалық тұрғыдан алғанда, мобильді 
және жұмыс үстеліндегі құрылғылар мен операциялық жүйелердің жа
-
қын орналасуы өте маңызды. Сондай-ақ «беделін ойлайтын» мұғалім
-
дер әртүрлі пікірге еріп, ноутбукті жаңа шыққан iPad-қа ауыстыратын 
жағдайлар да кездеседі. Кейбір мектептер АТ-ға бөлетін өз бюджетінің 
шегін білмей, жаңа технологияларды сатып алуға асығады, нәтиже
-
сінде iPad-та USB, Microsoft Word пен PowerPoint сияқты бағдарлама
-
лық жасақтаманың болмауы кей мұғалімдер үшін қиындық туғызады
(7.3-қосымша). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет