Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Компьютер кешені және мобильді технологиялар



Pdf көрінісі
бет249/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Компьютер кешені және мобильді технологиялар 
Мектептер көбіне сабақ кестесі бойынша дискретті дағдыларға, мо
-
бильді технологияларға үйрететін компьютерлік сыныптардағы үстел 
компьютерлерін қолданудан бас тартуда. Кейбір мектептерде планшет
-
тер мен ноутбуктер интерактивті тақта мен дербес компьютерді алмас
-
тырды. 2015 жылға қарай планшеттер бастауыш мектептердегі барлық 
компьютердің бестен бірін құрайды деген болжам бар (Syscap, 2013). 
Англияда бастауыш мектептердің төрттен үші сыныпта планшет қол
-
дануды негіздейтін зерттеулердің жүргізілгенін қалайды (BESA, 2012). 
Планшет технологиялары, смартфондар мен цифрлық камераларды 
қолдану, оқу мен оқыту тәсілдерінің шеңберін кеңейтуде. Сонымен қа
-
тар бұл оқыту сипатын түбегейлі өзгертіп, мұғалімдердің алдына өз 
рөлін қайта қарастыру міндетін қойып отыр. Оқушылар ересектердің 
араласуынсыз-ақ қатарластарының тәлімгері бола алады. Өзіне және 
қатарластарына баға беру оңай. Планшеттердің функционалдығы оқу
-
шыларды қабілетіне қарай бөлместен қолдайды. 
2010 жылы іске қосылған Apple iPad білім беру нарығын жаулап 
алды, алайда бұл орынға соңғы жылдары Google Android ие болған еді 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
299
(BESA, 2012). IPad-тың әмбебаптығы балаларға фотосуреттер түсіруге, 
фильмдер түсіріп оларды өңдеуге, музыка жазуға, мәтіндерді өңдеуге 
және идеялармен бөлісуге мүмкіндік береді. iPad-ты тиімді пайдаланып 
жатқан мектептер туралы мысалдар көп. Шотландия мектептеріндегі 
iPad-тың тиімділігін қарастырған зерттеулерде құрылғының оқушы
-
ның өзіне ғана тиесілі болуы осы мәселенің ең ұтымды тұсы екенін 
көрсетеді (Burden 
et al., 
2012). Мұғалімдер мен балалар бұл меншіктеуді 
бірдей сезінеді. Зерттеу көрсеткендей, оқу ойынға және серіктестікке 
негізделгендіктен, үлкен дайындықтың немесе ресми оқытудың көп 
қажеті жоқ болды. Жалпы, білім беру қосымшаларына («apps») энцик
-
лопедиялар, викториналар, тексеру құралдары және анимациялар жа
-
тады. Белгілі мысалдар ретінде зияткерлік картаны (мыс., iThoughtsHD), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет