Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет246/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

элек-
 
трондық қауіпсіздік 
саясаты мен практикасына қатысты нұсқау беріп 
отырады. Мысалы, Ланкашир мектептерге бейімделген бастауышқа ар
-
налған электрондық қауіпсіздік нұсқаулығын ұсынады, онда ата-ана
-
ларды құлағдар етуді арттыру, уеб-сайт жүргізу, жылдам хабар алмасу, 
оқыс оқиғалар журналы және интернет пайдаланушыларының саясаты 
сияқты мәселелер қамтылған (Lancashire County Council, 2013). Соны
-
мен қатар мұғалімдер деректерді қорғау және авторлық құқық мәселе
-
лерін де назарда ұстауы керек. Бұл мәселелерді шешудің өз құралдары 
бар. Мысалы, «лицензиялық келісім» болып саналатын шығармашы
-
лық мазмұн, онда мұғалімдер сабақ жоспарлары сияқты өз материалда
-
рын сақтай алады, ал жұмыстары қолдау тауып, мойындалған жағдайда 
оларды әріптестерінің пайдалануына мүмкіндік беріледі. 
Балалар мен жасөспірімдерге 3G мүмкіндіктері бар ұялы телефон
-
дарды пайдалануға рұқсат беретін мектептер үшін бекітілген сайттарға 
кіруді шектеу мәселесі қиындық туғызып отыр. Мектеп, университет
-
терде пайдаланушылардың рұқсат етілмейтін материалдарды алуына 
жол бермеу үшін түрлі сүзгілер мен желілік қорғау құралдары орнатыл
-
ған. Олар тек рұқсат етілген уеб-сайттарға ғана кіруге мүмкіндік бере
-
тін «қоршалған бақ» іспеттес. Алайда мұндай шектеулердің болуы көп 
пайдалы контент алынып тасталатынын білдіреді. Кең таралған тә
-
сілдің бірі – пайдаланушы бетті ашпақ болғанда сүзгіден өткізу, әрине, 
мұны тамаша тәсіл дей алмаймыз. Қажет емес контент шығып, пайда
-
лы оқу материалдары бұғатталып қалуы мүмкін. Алайда барлық мек
-
тептерде пайдаланушылар үшін ыңғайлы саясат жүргізілуі керек. Олар 
ересектер мен балалардың мектеп желісін қалай пайдалану керектігін 
анықтайды. Мектеп жобаларына қатысқан балалардың фотосуреттерін 
жариялауға рұқсат беру және интернетке материалдарды салу сияқты 
мәселелерді қамтитын үй-мектеп келісімдері де маңызды. 
Кішкентай балалардың (балдырғандар мен бүлдіршіндердің) сен
-
сорлы экранды планшет, смартфон сияқты интернетке қосылатын құ
-
рылғыларды пайдалануы кең өріс алып барады. Бұл балалардың жай
-
сыз ақпараттардың ықпалына түсуін арттырады және олардың жеке 
басына, өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ балалардың өздері ғана емес, 
сонымен қатар достары, отбасы мүшелері қалдырған цифрлық ізін қа
-
дағалап отыруға болады. Мысалы, ата-аналар мен ата-әжелер нәрес
-
телер мен сәбилердің ультрадыбыстық түсірілімдерін, фотосуреттері 
мен бейнелерін әлеуметтік желілерге жиі салады. Біріккен Корольдікте 
әр он ата-ананың сегізі 2 жасқа дейінгі балаларының суреттерін және 
әр бесінші ата-ана құрсақтағы баласының УДЗ түсірілімін әлеуметтік


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
292
желіге салады екен, бұл халықаралық орташа көрсеткіштерге сәйкес 
келеді (Holloway
 et al.,
2013: 23). Балалардың келісімін алу көбіне мүм
-
кін емес, алайда бұл алдағы уақытта балалардың басқа адамдар салған 
өзі туралы материалдарды табу, қайтарып алу немесе жою құқығына 
қатысты мәселелерді туғызады (Holloway
 et al., 
2013). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет