Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет244/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК 
Digizen уеб-сайтына кіріп, цифрлық құндылықтар туралы түсінігіңізді бекіте 
түсу үшін берілген ресурстармен танысыңыз: www.digizen.org
Электрондық қауіпсіздік 
Жаңа технологиялар енгізілген сайын, балалардың дамуы 
мен әл-ауқатына әсері болатынына алаңдаушылық туындайды.
1900 жылдары кино, 1920 жылдары радио, ал соғыстан кейінгі жылдары 
теледидар танымал болған кезде осылай болған. Мысалы, 1936 жылы
жүргізілген америкалық зерттеуде, балаларының сүйікті радиохабарын 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
289
өткізіп алмау үшін тамақты апыл-ғұпыл жей салатынын және «түнгі 
қорқынышты радио-ертегілерді» тыңдап, түнде шошып оянатынын 
айтып шағымданған ата-аналардың көп болғаны айтылған (Wartella 
and Jennings, 2000: 33). Ұзаққа созылған осы алаңдаушылықтарға қа
-
рамастан, компьютерлік технологиялар жаңа міндеттер туындатып 
отыр. Балалардың жыныстық мінез-құлық пен зорлық-зомбылық
-
тың кез келген түріне қалаған уақытында қол жеткізе алуы тарихта 
бұрын-соңды болмаған. Мобильді технологиялар пайда болғалы бері 
мектеп АТ жүйелеріне қандай қауіпсіздік шаралары енгізілсе де, бар
-
лық қауіптерді жою мүмкін болмай отыр. Байронның (2008) шолуын
-
да Біріккен Корольдіктегі 9–19 жас аралығындағы балалардың 57 па
-
йызы интернеттегі порнографияны біреудің электрондық поштасына 
сұраусыз кіру не кездейсоқ ашу арқылы көргені айтылған. Сонымен 
қатар олар түрлі өнімдер мен қызметтерге арналған жарнамаларды 
көруге мәжбүр. Көбіне балалар қажетсіз материалдарға ойда жоқта 
оңай қол жеткізеді. Балаларға ұрғашы түлкілер мен олардың мекен
-
дейтін жерлері туралы зерттеу жобасы бойынша ақпарат іздеуге тап
-
сырма берген стажер мұғалім экранда жартылай жалаңаш әйелдер
-
дің суреті жарқ етіп шыққанда, ыңғайсыз жағдайда қалған. Балалар 
мен жастардың интернетті және басқа да цифрлық технологияларды 
пайдалану кезінде саналы немесе санасыз түрде қауіпке төтеп бере 
алмайтындығы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылып жүр 
(Dustin, 2012). Балалардың технологияларды пайдалану арқылы фи
-
зикалық, эмоциялық және әлеуметтік қауіп-қатерге тап болуына қа
-
тысты даулар жалғасуда (Қараңыз: http://wiredchild.org). Балаларға 
қатігездікпен қараудың алдын алу жөніндегі ұлттық қоғам (NSPCC) 
жүргізген зерттеу (Barter 
et al., 
2009) жасөспірім қыздардың көбіне 
желідегі технологияларды, ұялы телефондар мен мәтіндік хабарла
-
маларды қолдану арқылы зорлық-зомбылық құрбаны болатынын 
анықтаған. Сонымен қатар оқушылар (және мұғалімдер) кездейсоқ 
заңсыз әрекеттер қармағына ілініп кететін жағдайлар да ұшырасады. 
Жыныстық қатынас туралы хабарламалар немесе фотосуреттер алма
-
су, яғни «секстинг» сияқты әрекетке бармас бұрын мұғалім өз кәсіби 
міндеттерін нақты білгені жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру 
курстарындағы жыныстық тәрбие қазіргі заманғы технологияларды 
дұрыс қолдануды және мұғалімдердің кәсіби мінез-құлық кодексін ұс
-
тануды қамтуы керек. 
7.6-кестеде еуропалық зерттеулер негізінде анықталған балалар
-
дың интернеттегі әрекеттерімен байланысты жалпы мифтер ұсыныл
-
ған. Сонымен белгілі бір қауіп-қатері болса да, технологиялар күнделік
-
ті өміріміздің маңызды бөлігі болып қала бермек, сондықтан балаларға 
оларды барынша жақсы меңгеруді үйретуіміз керек. 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет