Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
303
әкелуі мүмкін қандай да бір контентті жарияламауы тиіс екенін анық
көрсетеді. Яғни мектепке зиянын тигізуі мүмкін материалдар көрсеті
-
ліп отыр. Мектепте жұмыс істейтіндердің барлығына әлеуметтік желі
қосымшалары арқылы таратылатын ақпарат, тіпті жеке кеңістіктегі
-
лер болса да, бұрынғысынша авторлық құқық, деректерді қорғау және
Ақпарат еркіндігі туралы заңнаманың, 2006 жылғы Әлсіз топтарды қор
-
ғау туралы заңның және басқа да заңнамалық актілердің аясында қара
-
латынын білу маңызды. Жасы он сегізге толмаған оқушыларды ақпарат
алмасу үшін «дос» ретінде шақыруға болмайды. Facebook сияқты сайт
-
тар жастар мен ересектерге арналған, сондықтан жас балаларды тірке
-
меу саясатын ұстанады, туындаған қиындықтар туралы хабарлау жүйесі
бар.
Әлеуметтік желіге қатысты қауіптенуіміз түсінікті, алайда ол білім
беру әлеуетіне көлеңкесін түсірмеуі керек. Rose Review (DCSF, 2009)
бастауыш мектептің балаларына уеб-сайттарда хабарлама жазуды,
блог жүргізуді, викилерді, уеб-камералар мен
подкастингті
қолдану
-
ды үйретуді ұсынады. Маккензи (2012) әлеуметтік желілерде дүрбе
-
леңнің тым көп екенін айтып, қауіп-қатерді басқару туралы практика
-
лық кеңестер ұсынады. Ол түсіндіруді ата-аналардан бастап, алдымен
пайдасын, біртіндеп кейін тигізуі мүмкін қауіп-қатері туралы айтуды
ұсынды. Ата-аналармен байланысты нығайтуда әлеуметтік желінің
әлеуеті ерекше. Scholabo сияқты қызметтер мектептерге қауіпсіз, жеке
қауымдастықтар құруға мүмкіндік береді, онда мұғалімдер ата-ана
-
лармен және кәсіби әріптестерімен ақпарат алмасады (www.scholabo.
com). Тек қоршаған ортаны қорғау жағына ғана тоқталсақ. Жылына
60 000 қағаз парағын пайдаланатын орта мектеп, үйге хат жіберу ар
-
қылы айтарлықтай қаржылық және экологиялық үнемдеуді қамта
-
масыз ете алады (Қараңыз: http://uk. prweb.com/releases/2011/5/
prweb8406739.htm). Алайда әлеуметтік медиа икемділік, ықпал мен
шығармашылық тұрғысынан әлдеқайда көп нәрсе ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: