Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


АКТ, оқушылардың ынтасы мен жетістіктері



Pdf көрінісі
бет255/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

АКТ, оқушылардың ынтасы мен жетістіктері 
АКТ-нің қауіп-қатерді басқаруда, балаларды ынталандыруда, әсіре
-
се олардың зерттеу жүргізу, жазу, редакциялау және жұмысын таныс
-
тыру секілді жұмыстарында маңызды рөл атқаратынын куәландыра
-
тын деректер бар (Passey 
et al., 
2004; Estyn, 2013). Шотланд инспекция
-
сы (2007) ұл балалардың жазуға дайындығы, мәселелерді шешу кезінде 
табандылық танытуы, оқуға ықыласы мен жұмысын көрсете алу қабіле
-
тінің артқанын мәлімдеген (HMIe, 2007). Сонымен қатар АКТ қолданы
-
латын сабақтарда оқушылардың мінез-құлқы да жақсы екені айтылған.


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
304
Жалпы алғанда, олар АКТ қолданылмайтын сабақтарға қарағанда қол
-
данылатын сабақтарды көбірек ұнатады және онда өзін еркін сезінеді. 
Оқушылардың әртүрлі топтары: ерекше білім алу қажеттілігі бар, көңі
-
лі толмайтын және аса қабілетті және дарынды оқушылар АКТ-ны қол
-
данудан әртүрлі пайда табады. АКТ қолданылмайтын арнайы мектеп
-
тер мен бөлімшелерде кейбір балалар сыртқы әлеммен қарым-қатынас 
жасай алмайды. Олар үшін мәтінді тану және мәтінді сөйлеуге түрленді
-
ретін бағдарламалық жасақтамалардың берері көп. Дислексияға немесе 
диспраксияға шалдыққан балалар ноутбуктегі дауысты тану мен мәтін
-
ді сөйлеуге түрлендіретін бағдарламалық жасақтаманы қолдану арқы
-
лы оқу үлгерімін жақсарта алады. Дарынды және талантты оқушылар, 
әсіресе проблемаларды шешу бойынша ұсынылатын тапсырмаларды 
орындаудан ұтады. 
Бастысы жақсы интеграцияланған АКТ стандарттарды көтеруі мүм
-
кін деп тұжырым жасаушылар саны артты. Кокс және басқалар (2003) 
Мемлекеттік оқу бағдарламасындағы барлық пәндер бойынша, әсіресе 
негізгі пәндер бойынша оқу мен оқытуға қолдау көрсету үшін АКТ ре
-
сурстарына көп инвестиция салу оқушылардың үлгеріміне оң әсер ет
-
кенін көрсетеді. Бекта (2009a: 3) барлық негізгі кезеңдегі жетістіктерді, 
мәселен, 2-негізгі кезеңдегі ағылшын тілінен қол жеткізген қосымша 
прогрестің баламасы мен жаратылыстану пәні бойынша кейбір топтар
-
мен 7,5 айда көрсеткен прогресті атап өтті. Алайда оқушылардың бәрі 
оқу тәжірибесінде технологияларды қолданудан оң нәтиже көреді де
-
сек қате болар еді. Деректерге қарағанда, үлгерімі жоғары қыздардың 
көрсеткіші төмен, ал үлгерімі төмен немесе қанағаттанарлықсыз ұлдар 
біршама жақсы нәтиже көрсеткен (Chandra and Lloyd, 2008). Сонымен 
қатар Андервуд және басқалардың (2009) айтуынша, оқушыларды АКТ 
ынталандыра алғанымен, проблема туындамаса, онда ол міндетті түрде 
оқуды дамытады деу қиын.
АКТ саласына зерттеулер жүргізу кезінде әдіснамалық қиындық
-
тар да кездеседі. Мұғалімдер мен мектеп директорларынан қанша ком- 
пьютер пайдаланылатынын және олардың оқу нәтижелеріне қалай әсер 
ететінін сұрау – АКТ ықпалын бағалаудың сенімді тәсілі емес. Сонымен 
қатар оқу мен оқыту және бағалаудың күрделі сипатына байланысты 
АКТ-қолдану (себеп ретінде) мен көрсеткіштердің жақсаруы (нәтиже) 
арасында тікелей байланыс орнату қиын (Rudd, 2000). Компьютерлерді 
көп қолданатын мектептер аз пайдаланатындарға қарағанда тиімдірек 
деп те айта алмаймыз (Higgins and Packard, 2004). 
Дегенмен АКТ-ның балалардың шығармашылық және сыни ой
-
лауын дамытатынын көрсететін бастауыш және орта мектептерде жүр
-
гізілген зерттеулер көп (7.4-қосымша). Бастауыш және орта мектептер 
ноутбукті сэндвич жасау секілді фильм түсіру үшін пайдаланады, содан 


Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту 
305
кейін фильмді бір-біріне көрсетеді. Мысалы, Essa Academy (Болтон) iPаd 
Touch құрылғыларымен даралап оқыту арқылы GCSE нәтижелерін ай
-
тарлықтай дамытты (Garner, 2012). Әр оқушының жеке iPоd Touch-ы 
бар, олар оны күні-түні өзімен бірге алып жүреді. Гаджет үй тапсырма
-
ларын орындауға көмектеседі және мұғалімдерге электронды пошта 
арқылы қалаған уақытта сұрақтарын жіберуге мүмкіндік береді. Кей
-
бір мұғалімдер оқушылардың сұрақтарына жауап беру үшін белгілі бір 
уақытты қажет етсе, кейбірі 10–15 минут ішінде жауап береді. Акаде
-
мияда 36 тіл тобының балалары бар. 5 жыл бойы құны күніне 7 пенс, 
ал жаңарту құны күніне 18 пенс болды. Қағаз басып шығарудан және 
көшірме аппаратын жалға алудан үнемделген қаржы осы шығындарды 
өтейді. Мұндай тақырыптық зерттеулер мәдени өзгерістердің көбіне 
үкіметтің саясатымен анықталмай, төменнен жоғары қарай жүретінін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет