Тиімді
цифрлық педагогиканы дамыту
274
құрал жасай алуы. Компьютер, лазер
және электр құрылғыларының
бәрі де ата-бабаларымыз жасаған қарапайым құралдардан бастау ала
-
ды. Мысалы, ежелгі портативті жазу жүйесі папирус қазіргі планшетті
ойлап табуға негіз болды. Сондай-ақ XV ғасырдағы баспа құрылғыла
-
рының ықпалы мен интернеттің дамуы арасында да ұқсастықтар жоқ
емес. Екеуі де ақысыз ақпараттың шектен тыс ағынына әкелді. Баспа
ісін ойлап тапқан Иоганн Гутенберг құрметіне Гутенберг жобасы атан
-
ған жоба алғашқы болып ақысыз электронды кітаптар шығарды, қазір
42 000 классикалық мәтін ұсынуда (www.gutenberg.org). Cha.Cha.com
уеб-сайты әртүрлі тақырыптарды қамтитын миллиардтан аса сұраққа
жауап береді (www.chacha.com). 7.2-кестеде көрсетілген оқиғалар білім
алу мен оны бөлісу және оның әрекет ету тәсілдерін өзгертті.
Технологияны тек кең ауқымды әлеуметтік және мәдени контексте
ғана түсінуге болады. Мысалы, интернет пернетақтадан, қос процессор
-
дан, мыс сымдардан және қосылуға мүмкіндік беретін бағдарламалық
жасақтамадан да маңызды. Ол адамдардың айналысатын онлайн іс-ша
-
ралары мен олардың жинақтаған және бөлісетін білімдерін қамтиды.
Әлемдегі халықтың үштен бір бөлігі қазір желіде. Көптеген елде бала
-
лар мектепте немесе ата-аналарымен уақыт өткізгеннен гөрі, көп уақы
-
тын интернетте бір-бірімен хат алмасып, теледидар көріп, видео ойын
ойнап өткізеді (Common Sense Media, 2011). Соңғы онжылдықта бүкіл
әлемдегі балалардың өмірінде технология қозғаушы күшке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: