Жоспарлау және дайындық
379
Мұны оқу жоспарында атап өткен жөн. Қолдау көрсететін ересектер,
балалар, сынып жетекшісі және оқушы арасындағы баи�ланыс өте ма
-
ңызды. Баи�ланыс анық болмаған жерде командадағы рөл қақтығысы
және сонымен баи�ланысты стресс болу мүмкіндігі туындаи�ды. Адам
-
дарды басқару педагогика курстарының негізгілері қатарына кірмеуі
мүмкін көптеген дағдыны қамтиды. Винсетт пен басқалар (2005)
1970 жылдары мектептерде тараған командалық жұмыс ең ақырын
-
да мұғалімнің оңаша қалуға немесе тәуелсіз болуына қажеттілігі үшін
емес, күрделі факторлар себепті тоқтатылды. Авторлар қосымша кө
-
мектің артықшылығы туралы риториканың күшті болғаны сонша,
сыныптағы өзгеріс динамикасына және басқа ересектердің әлеуетті
қолдауын қалаи� барынша арттыруға болатынына аз көңіл бөліне
-
тінін қоса аи�тады. Тағылымдамадан өткен мұғалімдер үшін көбіне
жасы үлкен әрі тәжірибелі қолдаушы көмекшілерімен бірге жұмыс
істеу қиын. Сонымен қатар баланың көзқарасы бои�ынша, сыныпта
-
ғы ересектер санының артуының олардың бастамаларын шектеуге
әсері әлі толық зерттелген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: