1.5-ҚОСЫМША.
ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ
Сіз алғашқы жылы әртүрлі пәндер бойынша ең үздік тәжірибеңізді әріптесте-
ріңізбен бөлісу үшін кездесу жоспарладыңыз. Сізге тақырып бойынша әріп-
тестеріңізге презентация жасау үшін 5 минут уақыт берілді, сіз әрі қысқа, әрі
нұсқа сөзіңізбен көпшілікті үйіріп әкетуге ұмтыласыз.
Оқыту модельдері
Бұл тараудағы үздік болу туралы пікірталастардың көпшілігі мұ
-
ғалімнің рөлі қалай қабылданатынына байланысты (1.4-кесте). Егер
бақылаушылар оқытуды оқушыларға арнайы байланыс жасау деп са
-
наса, онда оқушылар мұғалімдердің әзілқойлығы,
ашық-жарқындығы
және позитив көзқараспен қарау сияқты жеке қасиеттерін бағалайды.
Харизмасы бар мұғалімдер жалпы мәдениетте, әсіресе мазасыз немесе
қиын балаларға қатысты көбіне «қамқоршы, құтқарушы немесе байла
-
ныс орнатушы» ретінде бейнеленеді (Weber and Mitchell, 1995; Moore,
2004; Ellsmore, 2005). Қорыта келгенде, оқушылардың көпшілігінің
оқуға деген ықыласы мұғаліммен ізгілікті қарым-қатынас орнатқанда
ғана артады (Day and Sachs, 2004).
Екінші тұрғыдан алғанда, нақты нәтижелерге қарағанда оқыту
стилінің айтарлықтай мәні жоқ деген нақты пікір бар. «Оқыту тура
-
лы ғылымды» жақтаушылар табысты оқытудың негізгі құрылымын
анықтап, оны сипаттау керек деп санайды (Gipps
et al.
, 2000). Сондық
-
тан мұғалімдер жоспарлау, түсіндіру немесе сұрақ қою сияқты дағ
-
дыларда өздерінің техникалық құзіреттерін көрсете алуы керек. Бұл
модель оқыту тиімділігімен, есеп берумен тығыз байланысты, бірақ
сыншылар мұғалімдердің кәсібилігіне шек қояды. Қауымдар палата
-
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
47
сына ұсынылған дәлелдер (2012) белгілі бір білігі бар мұғалімнің сы
-
ныпта жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін екенін растамайды.
Педагогтердің көпшілігі мұғалімдердің өз тәжірибелерін бағалау
-
ға белсенді қатысатынын көрсететін модельді қолдайды. Бұл модель
ХХ ғасырдың басындағы америкалық философ Джон Дьюидің еңбек
-
терімен байланысты. Ол күнделікті және рефлексиялық әрекеттерді
қарама-қарсы қойып қарастырды. Алдыңғысы дәстүрлерді, еліктеуді
және сыртқы билік органдарын басшылыққа алса, ал соңғысы сұрақ
қою, аң аулау, іздеу және проблемаларды белсенді ойталқыға салуды
қамтыды. Рефлексиялық тәжірибе моделі оқытудан гөрі мұғалімнің бі
-
ліміне баса назар аударады. Мұнда үздік тәжірибе техникалық дағды
-
ларды қолданумен ғана шектелмейді, бірақ жеке тұлғалардың белгісіз
жағдайлар туындағанда қалай әрекет ететінін де қамтиды (Simco and
Wilson, 2002; Pollard
et al.,
2008). Шөн (Schön; 1983, 1987) өз жұмысын
іс-әрекет кезіндегі рефлексия (істеп жүріп ойлау) және іс-әрекеттен
кейінгі рефлексия (оқиғадан кейін ойлану) арқылы жақсартуға ұм
-
тылатын мамандардың (тек мұғалімдердің ғана емес) алдына қойы
-
латын талаптарды атап өтті. Көптеген авторлар рефлексиялық баға
-
лауға түсетін «сыни оқиғалардың» маңыздылығын атап өтті (Chater,
2007: 232). Бұл – рефлексиялық процестегі әріптестермен кәсіби әңгі
-
мелесу, оқушыны байқау, сұрақ немесе түсініктеме нәтижесінде пайда
болатын ықтимал жағдай. Рефлексияның жоспарлау, оқыту, бақылау
және бағалауда алатын орны ерекше. Үздік мұғалімдер оқиғаларды
жай сипаттаудан гөрі, идеяларды бағалау және өзгерістерді жүзеге
асыру сияқты жоғары деңгейдегі рефлексия дағдыларын көрсетеді
(Nolan and Sim, 2011).
Ендігі бір модельге сәйкес мұғалімдер әлеуметтік өзгерістерде
белсенді рөл атқарады (Sachs, 2003).
Бұл трансформациялық көзқарас
мұғалімдердің оқушыларға білім беруде, дағдыларды қалыптастыру
мен статус-кво қиындықтарының диспозициясы кезінде қаншалықты
серіктес ретінде қарайтынына ден қояды. Осы тұрғыдан алғанда бұл
басқаларға қарағанда анағұрлым радикалды модель, бірақ ол әлеу
-
меттік әділет, азаматтық және адам құқықтары туралы дискурстарға
сәйкес келеді. Үздік мұғалімдер білімдегі теңсіздіктерді шеше алу және
кемсітушілікке қарсы тәжірибені тарата алу деңгейіне қарай бағала
-
нады.
Қорыта келгенде, мұғалімнің анықтамалық моделі 14-тарауда тал
-
қыланатын мұғалімнің зерттеуші ретіндегі рөлін бағалайды. Деңгейі
жоғары мұғалім үнемі сауал қоюға дайын тұратын, тың идеяларды
зерттейтін, ғылыми зерттеулер мен кәсіби даму мүмкіндіктері тура
-
лы жаңалықтарымен бөлісетін, өз пікірін басқаларға жеткізе алатын,
ғылыми жобалар бойынша әріптестерімен және сыртқы серіктесте
-
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
48
рімен жұмыс істеуге мүдделі, сондай-ақ идеяларды өз сыныптарында
қолдануға ұмтылатын тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл модельдер бір-бірін жоққа шығармайды. Үздік мұғалімдердің
көпшілігі – харизмалы тұлғалар, олар өз ісінің шебері, рефлексивті, өз
ісіне берілген адал жандар. Пәндерден гөрі оқытуды бағалауды жөн
көретіндер жайында модельдер көп нәрсе айта алады. Бақылаушылар
-
дың құндылықтары, сенімдері, теориялары және бұрынғы тәжірибеле
-
рі оқытуды бағалауда маңызды фактор болғанымен, ешқашан объек
-
тивті процесс бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |