Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Зерттеулер сапалы оқыту туралы не айтады?



Pdf көрінісі
бет29/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Зерттеулер сапалы оқыту туралы не айтады?
Қазіргі уақытта мұғалімдердің тиімді жұмыс істеуіне қатысты
30 және одан да көп жылды қамтыған зерттеулер жүргізілуде (Galton 
et al
., 1980; Gipps, 1994; Kyriacou, 1998; Dean, 2000; Muijs and Reynolds 
2001; Kerry and Wilding, 2004). Бұрынғы зерттеулердің көпшілігі жақсы 
ұстаздардың жеке қасиеттерін анықтауға бағытталды. Кейінгі жылдар
-
дағы зерттеулер тәжірибе, жас немесе біліктілік сияқты факторлардың 
оқыту сапасына тікелей әсер етпейтінін анықтады (McBer, 2000; Slater 
et al., 
2009). Зерттеушілер оқытудың оқушылардың үлгерімі мен жетіс
-
тіктеріне қаншалықты әсер ететінін анықтауда көптеген факторларды 
бақылау кезінде қиындықтарға тап болады. Мұғалімнің оқыту нәтиже
-
сі, әсіресе бастауыш мектептегі (балалар көп уақытын бір ғана мұғалім
-
мен өткізетін) және дамушы елдердегі басқа өзгешеліктерге қарағанда, 
көбірек ықпал етеді (Mincu, 2013). Дэй және басқалар (2006) 4 жылға 
созылған зерттеу жүргізіп, онда мұғалім өмірі мен оқыту нәтижесінде
-
гі өзгешеліктерді қарастырды. Олар 6 және 9-сыныптардағы оқушы
-
лардың математика мен ағылшын тілі бойынша үлгеріміндегі 15–30% 
өзгешеліктер олардың білім көлемі мен алдыңғы үлгерімін ескеретін 
оқыту сапасына байланысты екенін анықтады. Сол сияқты Слэйтер 
және басқалар (2009) жақсы мұғалімнің орташа немесе нашар оқыту
-
шыдан айырмашылығы тест ұпайларын кем дегенде 25 пайызға жақ
-
сартуға әсер ететіндігінде деген ортақ пікірге келді.
МакБер өз баяндамасында (2000) үздік мұғалімдердің басқалардан 
өз қызметіне адалдығы мен жүйелі білімі арқылы өзгешеленетінін көр
-
сетеді, яғни олар «іскер әріптестеріне қарағанда, көп жағдайда өз кәсі
-
би біліктілігін жоғары дәрежеде көрсете алады». Гальтонның (2001) 
педагогикалық тәжірибе туралы әдебиеттерге жасаған шолуы өзінің 
әл-ауқатын көбірек ойлайтын жас мұғалімдерге қарағанда, тәжірибелі 
мұғалімдер оқушыға көбірек көңіл бөлетінін көрсетті. Сынып бөлме
-
леріндегі суреттермен танысқан сарапшылар жас мамандардың нақты 
бір оқиғаға көңіл бөлуге бейім келетіні сияқты мәселені тез анықтап 
алды. Кейбір оқушылар тапсырма орындап отырғанда, басқаларының 
тапсырманы орындамау себебін түсіну жас мамандарға қиынға соқты. 
Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімдер өз қызметін жоспарлау кезінде 
контекстік факторларды тез ескере алады.
Соңғы жылдары профессор Джон Хэтти (2009; 2012) жүргізілген 
жарты миллион зерттеудің ең маңыздыларын жинақтап, оқу мен оқы
-
туға қатыстыларын көрсетті. Хэтти оқытудың ең күшті әсері оқушы
-
лардың «мұғалім», ал мұғалімнің «оқушы» рөліндегі алмасу қызметінде 
болатындығын пайымдайды. Осыған орай, ол жоғары сапалы фидбәкті 
тиімді оқытудың маңызды факторы ретінде қарастырады.


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет